Өмірбаян

     Журналистік жұмысқа Ақас Тажутов 1986 жылы араласа бастады. Содан бері ол қазақ және орыс тілдерінде шыққан немесе шығатын «Арай», «Заря», «Аруана», «Новое поколение», «Юридическая газета», «Түркістан», «Мегаполис» пен «Central Asia Monitor» журнал-газеттерінде қызмет етті.

     Ол Қазақстан Президентінің журналистика сыйлығының 2001 жылғы иегері болып табылады.

     2006 жылдың желтоқсанынан осы уақытқа дейін қазақ және орыс тілдерінде шығатын «Экономика» газетінің бас редакторы қызметін атқарады. Ол — осы мерзімдік басылымды құру идеясының авторы. Және де «Экономика» газеті пайда болған кезден бастап оның редакциясын бас редактор ретінде басқарады.

     1987 жылы ол қазақ әдебиетінің тарихында 6ipiншi болып ағылшын, француз және неміс тідерінен тікелей қазақшаға көркем шығармалар аударып, тұтас 6ip жинақ шығарды.

     1987-1992 жылдары ол «Арай — Заря» журналын­да жұмыс істеп жүріп, қазақ авторларының, әртүрлі көркем, публицистикалық, журналистік шығармаларының мыңға жуығын орысшаға аударды.