Сұрақ-жауап


 Аты-жөніңіз: *
 E-mail:
 Сайт
 Хат мәтіні *
* Міндетті

Спамнан қорғану
Көрсетілген орынға берілген әріптер немесе цифрлар комбинациясын енгізуіңіз қажет
8 + 5=

(11)
>
(11) Ахас Қайырұлы
20 September 2017 14:49:10
email

Мерейге,
Елімізде басылымдар саны біртіндеп артып келеді. Экономика тақырыбында орыс тілінде жазатын басылымдар көп. Бірақ осы тақырыпты қозғайтын ана тіліндегі басылымдар некен-саяқ деп айтуға болады. Республикалық апталық «Экономика» басылымы 2006 жылдың 15 желтоқсанынан шыға бастады және ол экономикалық тақырыпта жазатын бірден-бір басылым деп айтар едім. Өз оқырмандары қалыптасқан.

(10) Ахас Қайырұлы
20 September 2017 14:48:11
email

Аягүлге,
Доллардың қымбаттауын сарапшылар әрқилы себептермен түсіндіруде. Бірақ оның негізгі себебі доллар бағамының құбылуы мұнай бағасының барреліне байланысты екендігі анық. Доллардың бағамы тұрақсыз болғанмен, сатушылардың қымбатшылықты тек осы долларға ғана сілтеуі, әрине орынсыз. Өйткені өнімдердің барлығы доллар бағамымен есептелмейді ғой. Долларды сылтаурату дұрыс емес және бағаларды жөнсіз көтеріп отырған сауда орындары мен олардың иелерін тексеріп, жауапқа тарту керек. Егер де сізді осы және басқа да экономика төңірегіндегі сұрақтар мазаласа, «Экономика» апталығына жазылсаңыз болады.

(9) Мерей
21 August 2017 16:01:59
email

Біздің елімізде экономика мәселесін қозғайтын басылымдар көп пе?

(8) Аягүл Тайжан
21 August 2017 16:01:15
email

Қазір доллардың бағамы айтарлықтай көтеріліп тұр. Саудагерлер қымбатшылықты осымен байланыстырады. Осы дұрыс па?

(7) Сауле Мухамеджанова
2 August 2017 21:24:57
url  email

Здравствуйте уважаемый редактор Ахас Тажутов!
Приглашаем Вас на встрече однокурсников института иностранных языков,факультета французского языка,который Вы закончили в 1982 году,в этом году исполняется 35 лет окончанию ВУЗа.Встреча состоится перед зданием КазГуМоМя 05.08.2017 год с 10.00 час до 12.00
С уважением ваши сокурсники
Сауле Мухамеджанова (Абдыканова)
Гульжихан Кабдрахманова
Закия Ахметова (Бауэр)

(6) Ахас Қайырұлы Тәжутов
1 July 2017 15:13:02
email

Жандосқа,
Уақытым болғанда көбіне француз, неміс тілдеріндегі дүниелерді оқимын. Аудармамен айналысамын.


(5) Ахас Қайырұлы Тәжутов
1 July 2017 15:12:27
email

Елдарға,
Келісемін, әрине. ЭКСПО елімізге шетелдік туристермен қатар, шетелдік кәсіпкерлердің тартылуына жол ашады. Әлемнің Қазақстанға деген қызығушылығы артып, инвестициялар тартуға мол мүмкіндік береді. ЭКСПО-ның маңыздылығы ұшан-теңіз дер едім.



(4) Жандос:
1 July 2017 13:01:06
email

Қандай басылымдарды қызыға оқисыз?

(3) Елдар:
1 July 2017 13:00:05
email

ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталған соң, елдегі экономикалық ахуал жақсарады деген пікірмен келісесіз бе?

(2) Ахас Қайырұлы
1 July 2017 12:25:41
email

Қалыбайға,
Жақында Oilprice.com желілік басылымы «Kazakhstan Moves Towards Becoming A Top 10 Oil Producer» - «Қазақстан мұнай өндіру жағынан алда келе жатқан 10 мемлекеттің қатарынан көрінуге бағыт алып барады» деген мақала жариялады. Онда былай делінген екен: «Қазақстан аумағында көптеген әсер етуші күштердің ықпалдары тоғысады. Республиканың өз экономикасын әртараптандыру (диверсификациялау) турасындағы табысы мен оның мұнай өндірісі көрсеткіштерінің күрт ұлғаюы осы елдің мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуға және аймақтағы сауда ағымының жандануына әсерін тигізбек».
Батыста жарияланған мәліметтерге қарағанда, еліміздегі басты мұнай кеніштері мен оларды игеруге арналған жобаларға қатысты бүкіл шикізат қоры аз дегенде (минимум) 59 млрд. 549,8 млн. баррельді, көп дегенде (максимум) 72 млрд. 749,8 млн. баррельді құрайды екен. Басқаша айтқанда, бұл - 8 млрд.823,1 млн. тоннадан 9 млрд. 951,7 тоннаға дейін жететін мұнай қоры.
Осыншама көп көмірсутекті шикізаты бар мемлекеттер әлемде тіпті де көп емес. Қазақстан - Каспий аймағындағы ең ірі мұнай қоры шоғырланған мемлекет. Сонымен қатар, еліміз бүгінгі күннің өзінде осы аймақта күніне 2,5 млн. баррель көлемінде өндірілетін бүкіл мұнайдың үштен екісін беріп жатыр.
Американың Энергетика министрлігінің ресми ақпараттық бөлімшесі болып табылатын Energy Information Administration мұнай өнеркәсібінің біздің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін былайша суреттейді: «Қазақстанның мұнай экспорты ел экономикасының фундаменті болып табылады және де ол нақты ішкі өнім көрсеткішінің жоғары деңгейде қала беруін қамтамасыз етті».
Осы бір сенуге тұратын ақпарат көзінің айтуына қарағанда, Қазақстанның өскелең мұнай өнеркәсібінің үлесі елдегі жалпы ішкі өнім көрсеткішінің шамамен 30 процентін, экспорттан түсетін табыстың жартысынан астамын құрайды екен.
Қазіргі уақытта Қазақстан бүкіл әлемдегі жалпы мұнай өнімінің (күніне 90 млн. баррельден астам) 1,8 пайызын (күніне 1,595 млн. баррель) беріп жатыр. Дүние жүзіндегі ең ірі өндірушілер қатарында еліміз 2016 жылдың аяғында 16-ыншы орынға шыққан.


Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елдер
Елдер Өнім (млн.барр/күн)

1 Ресей
10,551,497
2 Сауд Арабиясы (ОПЕК)
10,460,710
3 АҚШ
8,875,817
4 Ирак (ОПЕК)
4,451,516
5 Иран (ОПЕК)
3,990,956
6 Қытай Халық Республикасы
3,980,650
7 Канада
3,662,694
8 Біріккен Араб Әмірліктері (ОПЕК)
3,106,077
9 Кувейт (ОПЕК)
2,923,825
10 Бразилия
2,515,459
11 Венесуэла (ОПЕК)
2,276,967
12 Мексика
2,186,877
13 Нигерия (ОПЕК)
1,999,885
14 Ангола (ОПЕК)
1,769,615
15 Норвегия
1,647,975
16 Казақстан
1,595,199
17 Катар (ОПЕК)
1,522,902
18 Алжир (ОПЕК)
1,348,361
19 Оман
1,006,841
20 Ұлыбритания 939,760

Бір қарағанда, бұл онша биік жетістік емес сияқты. Бірақ содан ертерек уақыттарда еліміздің бұл тізімде кем дегенде 10 саты төмен тұрғанын ескерсек, осы нәтижені басқаша бағалауға тиіс екенімізді түсінеміз. Иә, шынында да санаулы жылдар бұрын мұнай өндіру көрсеткіштері бойынша Қазақстанның алдында бүгінгіге қосымша тағы да бір он шақты ел бар болатын. Мәселен: Оман (1997 ж. – 904 мың б/к немесе баррель күніне, 1998 ж. – 900 мың б/к), Египет (1997 ж. – 856 мың б/к, 1998 ж. – 834 мың б/к), Аргентина (1997 ж. – 834 мың б/к, 1998 ж. – 847 мың б/к), Катар (1997 ж. – 735 мың б/к, 1998 ж. – 735 мың б/к), Ангола (1997 ж. – 714 мың б/к, 1998 ж. – 735 мың б/к), Малайзия (1997 ж. – 700 мың б/к, 1998 ж. – 720 мың б/к), Үндістан (1997 ж. – 675 мың б/к, 1998 ж. – 661 мың б/к), Колумбия (1997 ж. – 652 мың б/к, 1998 ж. – 733 мың б/к), Австралия (1997 ж. – 588 мың б/к, 1998 ж. – 544 мың б/к) және Сирия (1997 ж. – 561 мың б/к, 1998 ж. – 553 мың б/к). Содан бері өткен уақыт ішінде еліміз бұлардың бәрінен басып озды. Бұл Қазақстандағы мұнай өнімінің осы кезең барысында 2 еседен астам ұлғаюы арқасында мүмкін болды.

Мұнай қоры жағынан әлем бойынша ТОП-22 ел
Елдер Қор (млрд.барр)
— ОПЕК
1112,448–1,199,707
1 Венесуэла
297,740
2 Сауд Арабиясы
268,350

3 Канада 173,625–175,200
4 Иран 157,300

5 Ирак 140,300
6 Кувейт 104,000
7 Біріккен Араб Әмірліктері
97,800
8 Ресей 80,000
9 Ливия 48,014
10 Нигерия 37,200
11 АҚШ 36,420
12 Қазақстан
30,002
13 Қытай
25,585
14 Катара
25,382
15 Бразилия
13,986
16 Ангола
10,470
17 Мескика 10,364
18 Алжир
9,940
19 Азейрбайджан
7,000
19 Эквадор
7,000
21 Норвегия
6,900
21 Ұлыбритания
6,900

Бұрынғы КСРО, кейiнгi ТМД ауқымында негiзiнен мұнай және газ өндiрумен шұғылданатын 4 ел бар. Олар - Ресей, Қазақстан, Әзербайжан және Түрiкпенстан. Бұлардың iшiнде Қазақстаннан басқа үшеуi мұнай не газ өндiруден әзiрше кеңес заманындағы көрсеткiштерiне қайтып көтерiле алмай отыр.


>