Ғылым мен өндіріс интеграциясы

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында еліміз дамуының жаңа дәуірінде экономиканың аграрлық секторын серпінді дамытуға бағытталған Үшінші жаңғырту міндетін алға қойды. Жолдауда ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа драйверіне Толығырақ »

БАҚ ШАБА МА, БАП ШАБА МА?

2011 жылғы рекордты қайта бағындыра аламыз ба? Өткен жексенбі күні Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Саппоро-доум» стадионында өткен думанды шеруде Қазақстанның көк туын шаңғышы, бес дүркін Толығырақ »

Гүл өсірсең – жердің көркі

Алматыдағы «Тілектас» орталығында агротуризмге арналған кезекті көрме-брифинг өтті. Шара барысында еліміздегі агротуризм мәселесі, әлеуметтік-экономикалық проблемалар, көгалдандыру, ауыл шаруашылығындағы бау-бақша мәселелері кеңінен талқыланды.    Толығырақ »

 

Дәстүрлі салаларға – жаңа сапа

Bekbolatuly

Жетпісбай Бекболатұлы,
әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ
кафедра меңгерушісі 
e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz 

Адамзат тарихы ықылым заманда алғашқы дөңгелек ойлап табылғаннан бері үш ғаламдық техникалық өрлеу жолынан өтті. Бу қазандығынан электр қуатына дейінгі сүрлеу-соқпақсыз жолды ғасырдың о жақ-бұ жағында желе-жортып өтіп, жиырмасыншы мыңжылдықтың соңғы ширегінде интернетке иек артқан  өркениет бүгінде цифрлық технологияларға негізделетін төртінші өнеркәсіптік төңкеріске табан тіреп отыр. 

РАХМЕТ САҒАН, АЛМАТЫ, АРМЫСЫҢ, КРАСНОЯРСК!

sport2

Жалпыкомандалық есепте екінші орындамыз

Еліміздің ең үлкен шаһары болып саналатын Алматыда ХХVІІІ Қысқы Универсиада өз мәресіне жетті. Он күнге созылған бәсеке барысында әлемнің 54 мемлекетінен 1613 сайыпқыран спорттың 12 түрінен сынға түсті. Нәтижесінде 543 медаль сарапқа салынған дүбірлі дода барысында қазақ спортшылары 11 алтын, 7 күміс және 16 қола, яғни барлығы 34 жүлде санымен бейресми командалық есепте екінші орыннан көрінді.

Қостанай топырағынан шыққан генерал

Әлібек Қасымов

Тәуелсіз Қазақстан Армиясының бастауында  тұрған Болат Берекетов туралы сөз

Тәуелсіз Қазақстанның армиясын құруда армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтың, генерал-полковник Әлібек Қасымовтың сіңірген еңбегін ешкім де жоққа шығара алмас. Бұл қолбасшылар жоқтан бар жасады, тәуелсіздігіміздің тірегі ретінде осы заманғы техникасы мен қару-жарағы бар, шыңдалған сардарлары мен сарбаздары бар Армияны қалыптастырды.

Сапалы өсудің стратегиясы

Photo  muzeim

Елбасы Жолдауын талқылап, құжатта айтылған маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу, ой қорыту мақсатында мемлекет және қоғам қайраткерлері Қазақстанның Ұлттық музейінде ұйымдастырылған «Елбасы Жолдауы – жаңарудың жаңа қадамы» атты дөңгелек үстел басына жиналды.

Инновациялық экономиканы дамытуға – жаңа серпін

А Бейсенбаев

Асқар БЕЙСЕНБАЕВ, Парламент Сенаты Экономикалық  саясат, инновациялық  даму және кәсіпкерлік  комитетінің төрағасы:

– Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет­тілік» атты халыққа Жолдауы жаңа Қазақ­станның дамуы және құрылысы идеясын нақтылайтын маңызды құжат. Онда біз Қазақстан мемлекеттігін  дамытудың аса маңызды құрамы жөніндегі іс-қимылдың нақты жоспарын көріп отырмыз. 

Жастар жаңғыру жолын таңдайды

Шапса – аттың тұяғы, ұшса – құстың қанаты талатын кең байтақ қазақ жері тәуелсіздігінің жиырма бес жылында өсіп-өркендеп, өзінің дамыған елу елдің қатарында екендігін әлемге танытты. Енді осы қарқынмен алдағы асуларға жету жолында елімізде түрлі мақсат-міндеттер қойылып, шешімдер қабылданып жатыр. Осының бір айқын белгісі – жақында ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Сонымен қатар, Елбасы билікті атқарудағы Парламенттің рөлін күшейту жөніндегі ұсынысын жеткізді. Бұл биліктің халықтық, демократиялық ұстанымын білдіреді.  Халық сайлаған партия үкімет құрамын анықтауға көмектеседі. Яғни, халық билік органдарын өздері анықтай алады деген сөз. 

Отаны бірдің – тілегі ортақ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауында алда  тұрған өзгерістерді үшінші жаңғырту деп атап, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін атап көрсетті. Бұл бағыттағы басымдықтар қатарында – коррупциямен күресті, кәсіпкерлікті ынталандыруды, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуды белгіледі. 

Экономика жаңғыруының жаңа кезеңі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жалпы экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау береді.