Ғылым мен өндіріс интеграциясы

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында еліміз дамуының жаңа дәуірінде экономиканың аграрлық секторын серпінді дамытуға бағытталған Үшінші жаңғырту міндетін алға қойды. Жолдауда ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа драйверіне Толығырақ »

БАҚ ШАБА МА, БАП ШАБА МА?

2011 жылғы рекордты қайта бағындыра аламыз ба? Өткен жексенбі күні Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Саппоро-доум» стадионында өткен думанды шеруде Қазақстанның көк туын шаңғышы, бес дүркін Толығырақ »

Гүл өсірсең – жердің көркі

Алматыдағы «Тілектас» орталығында агротуризмге арналған кезекті көрме-брифинг өтті. Шара барысында еліміздегі агротуризм мәселесі, әлеуметтік-экономикалық проблемалар, көгалдандыру, ауыл шаруашылығындағы бау-бақша мәселелері кеңінен талқыланды.    Толығырақ »

 

ТӘУЕЛСІЗДІК – БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

01

Оның қозғаушы күші – Қазақстанның Тұңғыш Президенті

Кең байтақ  жерімізде, тәуелсіз елімізде  тойланатын әрбір мерекенің символдық мәні терең, тарихи маңызы мен өзіндік қадір-қасиеті ерекше. Сондай айтулы және халық жүрегіне жақын мерекелердің бірі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні екендігі баршаға белгілі. Биылғы Президент күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осының өзі жаңарған Қазақстанның жаңа өрлеу тарихының айшықты сырларына тағы бір жіті үңілуді қажет етеді. 

Тәуелсіздік туын тіккен Елбасы

Bekbolatuly

Жетпісбай 
БЕКБОЛАТҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы
 ҚазҰУ профессоры
e-mail: jebe55@mail.ru

Тұлға – тарих перзенті. Замана көшіне ілескен халқымыз кейде өрге бет алып, кейде ылдиға құлаған соқтықпалы, соқпақсыз жолының толғақты тұста­рында уыстан сырғып бара жатқан бөрілі бай­рақ­ты әлеуетті қолымен қайта тіктеп, желбі­реткен даңғайыр дана көсемдерге кенде болма­ған. Қолам­та­дағы әлсіз шоққа дем берген олар елдік пен ерліктің отын лаулата білген. Дүрмегі мол дүбірлі жиырмасыншы ғасырдың соңында Тәуелсіздік туын асқақтата көтеріп, ұлттың даму бағытын жаңа, егемен дәуірге бұрған ұлы тұлға – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еді.

Басты мақсат – инновациялық даму және бәсекеге қабілеттілік

photo_13

Қазіргі ғаламдық даму көшіне ілесу үшін қай елдің де бәсекеге қабілетті болуы шарт. Бұл бірінші кезекте қоғамдық дамудың қозғаушы күші – ғылымның алға басуы мен мамандардың біліктілігіне байланысты. Яғни еліміздің бәсекеқабілеттілігін көтеруде жоғары мектепке жүктелер міндет үлкен, жауапкершілік салмақты. Осы тұрғыда техникалық білімнің қара шаңырағы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеулер университетінің ректоры  Е.Қ. БЕЙСЕМБЕТОВКЕ бірнеше сұрақтар қойған едік.

Жетістігі мол Жетісу

Жаркент

Алматы облысының тиімді географиялық жағдайы заманауи технологияларды пайдалану арқылы 100 миллионнан астам халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрінеді. Өңірге біткен табиғи артықшылықтарды тиімді пайдалану – жоғары өнімділікке, табысты өркендеуге бастайтын жетекші бағыт бола алады.

Климаттық жағдай көкөніс өсіруге кедергі емес

жылыжай

Қазіргі таңда Маңғыстау өңірі ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортына тәуелді облыстардың қатарына жатады. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, басқа облыстармен салыстырғанда Маңғыстау облысындағы тұтынушы қоржынының құны айтарлықтай жоғары. Көкөніс, жеміс-жидек, ет өнімдері секілді күнделікті тұтынылатын тауарлар өзге облыстардан тасымалданатындықтан, бағасы қымбат. Сондықтан, жергілікті агроөнеркәсіпті дамытудың өзектілігі айқын көрініп тұр.

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

DSC_0135

Бөлінген қаржыны игеру үнемі  бақылауда болады

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы Жол», «ЖЖК-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Ғылыми зерттеулерге – басым бағыт

Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ғылым жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы Мұрат Кәдесұлы Орынханов университетте өз саласы бойынша атқарылып жатқан игі істер жөнінде ой бөліскен еді.

Мұстафа Шоқай ескерткіші орнатылады

Мұстафа шоқай

Сыр өңірі өзінің аяулы перзентін ұмытпайды

Алаштың аяулы азаматы, аты аңызға айналған мемлекет және қоғам  қайраткері Мұстафа Шоқайдың құрметіне Қызылорда қаласының көрнекті жерінен алып ескерткіш орын тебетін болады.