Валюта бағамы: $ 326.88 364.9 5.47 ¥ 47.85

Бас редактор

Ахас Қайырұлы Тәжутов

Тәжутов Ақас Қайырұлы 1955 жылы 25 желтоқсанда туған. 1972 жылы орта мектепті бітірген. 1974-76 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын атқарған. 1977-1982 жылдары Алматы шет тілдері педагогикалық институтында оқып, оны үздік дипломмен аяқтады. 1982-83 жылдары бүкілодақтың ВААП агенттігінің Қазақ бөлімшесінде жұмыс істеді. 1984-1986 жылдары Өзбекстанның Навои қаласында шетелдіктер салған химия зауытында француз және ағылшын тілдерінің аудармашысы болды. 1986 жылдың қазан айынан бастап, осы күнге дейін журналистикада қызмет етіп жүр. Орыс және қазақ тілдерінде шыққан «Время», «Дәуір»  газеттерінің (1994-1995ж.ж.) «Асар», «Қазақстан» газеттерінің бас редакторы болды. Орыс тілінде шығатын «Юридическая газета» (1996ж.) «Мегаполис» (2002-2004ж.ж.)  газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылдан бері республикалық «Экономика» апталығының бас редакторы қызметін атқарады.

1992 жылы Қазақстан журналистері Одағының сыйлығына ие болған.

2001 жылы Қазақстан Президенті сыйлығының лауреаты атанды.

2010 жылы «Қазақстан мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

X