Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуы және мемлекеттік реттеу модернизациясы

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығының тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мәселелер туындады. Әсіресе, Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық қызмет саласы ретінде агроөнеркәсіп өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар аударылды.

 

 Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кәсіпорындары шаруашылық механизмнің жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен, сыртқы орта факторларының (тұтынушылардың іс-әрекеті, нарықтық конъюнктураның өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда болуы, т.б.) әлсіз талдануынан және нарықта жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығынан тұрақсыз шарттарда әрекет етіп келеді. Сондықтан, ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға дейін тиімді жеткізуге бағытталған зерттеулерді қайта қарастыру және күшейту қажет.

 

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың асамаңызды  бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету. 2013 жылдан бастап Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, аграрлық сала дамуының әлемдік деңгейлеріне жету және индустриялы агроөндірісті қалыптастыру алдымызға қойылды. Ол бағдарлама бүгінгі таңда «Агробизнес 2020» бағдарламасы болып, өзінің қызметін бастауда.

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады.

 

Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі (бұдан әрі – АӨК) жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының тұрмыс сапасының жақсаруымен сипатталады.

 

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзнің шешуші кезеңінен енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізгі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндірісқұлдырауы тоқталып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

 

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді…». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.

 

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылдаған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2007 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады. Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнім өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:

 

          1. меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру жәнге агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу.

 

          2. агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист-кәсіпорындар өнімнің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру

 

          3. тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы

 

4. агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:

 

  • республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе тараптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымның әлемдік рынок конъюнктурасына сәйкестендіріледі.
  • ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану.
  • агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттілікетерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру.
  • қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру.
  • экономиканың көпактуалдылығы және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлуметтік инфроқұрылымды дамыту.

 

          5. агроөнеркәсіптік кешен араласқан экожүйелердің барлық элементтерінің эколгиялық қауыпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.

 

            Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып табылады. Тың және тыңайған жерді игеру Қазақстанды астықты ірі өндірушілердің қатарына қосты. Қазақстан жан басына астық өндірк жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін Канададан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді.

 

Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік комплекстің барлық салаларының материалдық – экономикалық базасындағы саналы өзгерістер мен ілгерілеушілік болды. Аграрлық өндіріс жоспарлы түрде машиналы ірі индустрияға көшіріле бастады, шаруашылық аралық кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция дамыды. Республикалар мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеттері мен өлкелік, облыстық комитеттері, сондай-ақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктері құрылды. Енді еліміздің әртүрлі аудандарында ғылыми өндірістік бірлестіктер, өндірістік жүйелер құрыла бастады. Олардың бір-бірінен айтарлықтай ерекшеліктері болғанмен, бәрінің де мүдделері ортақ. Біріншіден, ғылым мен тәжірибе тығыз байланысты болып, ғылыми жаңалықтардың өндіріске барар жолын қысқартса,екінші жағынан серіктестер арасындағы кооперативтік келісім-шарт негізіндегі байланыстар өзара шаруашылық есепке қызығушылық пен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік комбинаттар; бірлестіктер, фирмалар ғылыми өндірістік және өндірістік жүйелер, шаруашылық есеп пен мердігерлік әдіске көшкен әр түрлі фирмалар біздің аграрлық экономикамыздағы шын мәніндегі жаңа құбылыстар болып отыр. Егін шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұштастыру және агроөнеркәсіптік өндірісті басқарудың жаңа түрлерінің артықшылықтары былай  сипатталады: біріншіден бұл жаңалықтарды дұрыс пайдалану нәтижесінде шынайы интеграция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сатып алудың; сақтаудың, қайта өңдеудің және тағамдық дайын азық-түліктерді сақтаудың бірыңғай процесі қамтамасыз етіледі. Бірлестіктердің және оның құрамына енетін шаруашылықтар мен кәсіпорындардың экономикалық жағдайы, оған қоса агроөнеркісіптік кешеннің қызметкерлерінің материалдық жағдайының жақсы дамуы өндірілген өнімнің айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға тікелей, дүкендер арқылы сатуға байланысты болғандықтан, шикізатты қайта өңдеу мен тағамдық азық-түліктердің сапасына деген көзқарас пен қамқорлық артады. Агроөнеркәсіптік құрамалардың еңбек коллективтерінің материалдық жағдайларының жақсаруы мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі түпкі өнімдерді сатуға түгелдей байланысты болып отырған жағдайда өндірісті ұйымдастыруды шын мәніндегі шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру принципінде жүргізуге итермелейді және мәжбүр етеді. 

 

     Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен ерекшелігі – ол табиғатқа, топырақ пен ауа райы жағдайына тәуелді. Ауыл шаруашылығы өндірісі жер ресурс-тарына  негізделген. Ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жер деп аталады. Оның құрамына жайылым, егістікке жарамды жер мен пішендемелік жер кіреді.

 

 

 

 

 

Маржан Муханова,

 

Орталық Азия Университетің магистранты


Оқи отырыңыз

Пікір(3)

  • Жайнат
    13.03.2017 at 9:39 pm

    Сәлеметсіз бе мен өз ауылымнан наубайхана ашкым келеді бирак колымда еш каражат жок банк несие бермит соган сиздер көмек бере аласыздарма немесе нестеуге болады

  • Anonymous
    07.04.2017 at 9:39 pm

    Қазақстанда қанша гектар жерге егін егілді???? Неге жоқ?

  • Anonymous
    09.09.2017 at 2:31 pm

    казақстан экономикасы

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X