Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Жеке компьютер және жасөспірімдердің денсаулығы

Әр адам өзінің кәсіби өмір кезеңінде өндірістік және қоршаған ортаның біршама факторларының әсеріне ұшырайды. Біздің өмірге белсенді түрде электромагнитті өрістер көздері енуде: ЛЭП, трансформаторлық станциялар, мобильді және радиотелефонды байланыс станциялары, жаңа радио және теледидар станциялары, өндірістік технологиялық қондырғылар. Өз қызметінде жеке электронды-есептеуіш машиналары мен видеодисплейлы терминалдарды қолданатын адамдардың саны күннен-күнге артуда. Ғылымда, өндірісте, медицинада, оқу процесі мен үй шаруашылығында компьютерлі техниканы қолдану өмір салтына айналды. Интернет қолданушылар күнде жеке компьютерді қолданушылардың қатарын толтыруда. Күмәнсіз, компьютер бізге тек пайда бермей, біздің денсаулығымызға үлкен зардап беруде.

 

Осы жағдайда еңбек медицинасының негізгі қағидасы болып жұмысшының денсаулығын жоғалтпай еңбек ету хұқығын қамтамасыз ету.

 

Видеодисплейлы терминалдардың электромагнитті көзі қолданушының денсаулығына жағымсыз әсер беруі мүмкін, жұмыс істеу барысында біршама кешенді факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін: иондағыш емес электромагнитті сәулелер, көз дискомфорты, статикалық элекрқуаты, қөздің шамадан тыс кернеуі, акуаның ионды құрамының өзгеруі және т.б.

 

Ресей ғалымдары мен мамандары видеотерминалдармен жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын зерттеп келесі тұжырымдамаға келді: видеотерминалдармен 5 жыл жұмыс істеген адамдардың вегетативті жүйке жүйесі, жүрек-қан жүйесі мен көру органдарының өзгеруі және тері аурулары мен жүктіліктің үзілуі байқалды. Келесі субъективті симптоимдардың пайда болу байқалады: көз алдында «құм», «қабынды», «шіркейлену»-дің пайда болуы, көздің жастануы; ұзақ статикалық жүктеменің синдромы; омыртқаның  өзгеруі; «білек синдромы» пайдаланушылар білектің ауруына шағымданады және т.б.

 

Халықтың электромагнитті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның электромагнитті ластану мәселесі көлемді әлеуметтік маңыздылыққа ие болып,  күннен-күнге өзекті болып келе жатыр.

 

Әрине, білім беру мекемелерінің басшыларымен бірлесіп жұмыс істемей, тұрақты бір нәтижеге қол жеткізу қиын, сондықтан оқуға жағдай жасайтын адамдардың назарын аударғым келеді.

 

Міндетті түрде келесі іс-шаралар қолданылуы қажет: компьютер техникасын жеткізушілерінен оның қауіпсіздігін куәләндіратын гигиеналық сертификатты талап ету; техниканы сатып алу мен орнату кезінде міндетті түрде аспаты өлшеулерді жүргізу; жұмыс орындарының гигиеналық талаптарға сәйкес болуы; компьютер техникасы мен электржаббдықтардан шығатын сәулелердің қоданушыларға түспеуін қамтамасыз ету; видеотерминалдар мен компьютер техникасы орналасқан бөлмелер қауіпсіздік жерленумен жабдықталуы қажет; электр розеткалары жерлену контуры бойына қосылады; програмисттердің, инжинерлердің, операторлардың және басқа да компьютер техникасын қолданушылардың терең медициалық тексеруден өту міндеттеледі; электрмагнитті көздердің жағымсыз әсерлерінен пайда болатын аурулардың алдын-алу жоспарларын жасау мен бекіту.

 

Көз кернеуінен өзге, компьютер психо-эмоционалды әсер береді, ол «компьютерлік» шаршау ретінде белгі береді. Компьютерлік шаршау баланың өз-өзіне бақылауды жоғалту ретінде танылады (бала бетін жиі сипалайды, саусағын сорады, айқалайды, бет әлпетін өзгертеді), шаршаған адамның позасында отырады (бала орындықта теңселеді, аяғын үстелдің шетіне тіреп созады), эмоционалды-невротикалық айқай (айқай, секіреді, билейді, истерикалық күлкі және т.б.).

 

Аурушаңдықтың алдын-алудың тиімді жолдарының бірі жұмысқа тұрар алдында және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің міндетті түрде мерзімді және алдын-ала медициналық тексеруден өтіп тұру. Білім беру мекемелерінде видеодисплейлі терминалдарында жұмыс істеу уақытын есептеу мен көзге арналған жаттығулар жасау маңызды іс болып табылады.

 

                            

 

П.Джуртанова,

 

Алмалы ауданы бойынша «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» БмЖГБ бас маманы,

 

М.Есембаева,

 

эпидемиология бөлімінің бас маманы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру