Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Апта тынысы Жиын Тәуелсіздіктің 20-жылдығы аясында

17 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясын» насихаттау бойынша семинар өткізілді. Аталмыш басқосу Алматы қаласындағы отбасы және отбасылық қарым-қатынас мәселесін шешу, сондай-ақ ел мегаполисінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша нұсқаулар мен тәжірибе тақырыбына арналды. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық бөлімшесі, қала әкімдігі, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «ЕрАзамат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиында түрлі мәселелер талқыланды. Оның ішінде соңғы жеті ай бойынша қаладағы әйелдер көшбасшысы мектебінің де жұмысы талқыланды.

Семинардың жұмыс қорытындысында мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің серіктес ретінде одан әрі қызметін жалғастыруы жөнінде нұсқаулар ұсынылды.

Қоғам

Орын алған өзгерістер

Алматы метросында жолақы төлеу контактысыз смарт-карталар және смарт-жетондар арқылы жүргізілетін болады. Бұл туралы «Метрополитен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның (МКК) баспасөз орталығы мәлімдеді.

Смарт-жетондар бір реттік жол жүруге арналған және сатып алынғаннан кейін бір тәулікке ғана жарамды болып есептеледі. Сондай-ақ метро дәліздерінде орнатылған аппараттар арқылы жолаушы аталған операцияны кассирлердің көмегімен жүзеге асыра алады. Жолаушылардың жол ақысын карталар мен жетондар арқылы төлеуін кассирден бөлек, бақылаушылар қадағалайтын болады. 1 желтоқсанда іске қосылатын Алматы метросының жол жүру құны – 80 теңге. Бұл тариф метрополитен тұтынатын электр қуатының бағасын ескере отырып бекітілген.

Жинақ

Таңдамалы еңбектің тұсауы кесілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экономика ғылымдарының докторы, академик, Экономика институтының директоры Оразалы Сәбденнің «Экономика» атты таңдамалы еңбегінің тұсаукесері өтті. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аталмыш еңбек 21 том болып жарыққа шыққан. Көптомдықта Қазақстан Республикасының алғашқы қиын жылдарынан бастап, экономиканың маңызды табыстарға жеткен күндері қарастырылған. Кітап болашақ экономиканың негізін құру, жаңа технологиялар, идеялар мен тәсілдерді қолдану, инновациялық даму және бәсекеге қабілеттілікті көтеру, өндірісті модернизациялау және диверсификациялау сияқты мазмұнды қамтиды. Сондай-ақ, қазақ және орыс тілінде жарық көрген еңбекке фундаменталды монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинағы, сонымен қатар, ел Президентіне, Қазақстан Үкіметі мен Парламентіне жазылған хаттар енген. Автор бұл еңбегі жайында: «21 томдық «Экономика» кітабында Қазақстан экономикасының бүгіні мен келешегі жан-жақты айтылған. Яғни болашаққа арналған экономикалық даму сатылары көптомдықта қарастырылған», – дейді.

Мәдениет

«Эсмеральдо» балетінің премьерасы болды

Астанадағы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет теартында В. Гюгоның «Париж Құдай анасының шіркеуі» романының желісі бойынша жазылған Ц. Пунидің «Эсмеральдо» балетінің премьерасы өтті. Әйгілі балетті итальяндық хореограф – Антонио Канделоро қойған.

Елордада өткен қойылымның көркемдік жетекшісі – Гуидо Риччи, қоюшы дирижері – Айдар Абжаханов, бас хормейстер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов болса, басты кейіпкерді балетмейстер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев орындады.

Ең алғаш бұл қойылым 1844 жылдың 9 наурызында Лондонның Корольдік театрында француз балетмейстері Жюль Перроның қатысуымен сахналанған.

Әзірлеген Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру