Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Куру ғарыш айлағынан қазақстандық KazEOSat-1 жер серігі ұшырылды

ФРАНЦУЗДЫҚ ГВИАНА. КУРУ ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ. – Бүгін Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7.35-те Куру ғарыш айлағынан «Вега» еуропалық зымыран-тасығышы бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жер серігімен ұшырылды деп ҚазАқпарат хабарлады.

 

Жер серігінің ұшырылуы штаттық режімде өтті, ғарыш аппаратының «Вега» зымыран-тасығышының төртінші сатысынан ажырауы ол ұшырылғаннан кейін 56 минуттан кейін болды.

 

Қазақстан тарихындағы жерді қашықтықтан зондтаудың алғашқы жер серігі Қазғарыштың тапсырысымен Airbus Defense and Space француз компаниясында төрт жылдың ішінде жасалды. KazEOSat-1 ғарыш аппаратының жоғары кеңістіктіктегі ең ұсақ бөлшектерді ажырата алу мүмкіндігі 1 метрге дейін, қабылдау жолағы – 20 шақырым, жерді қашықтықтан зондтау жер серігінің бір тәулік ішіндегі өнімділігі 220 мың шаршы шақырымды құрайды. Салмағы 900 келіге жуық. Орбитадағы қызмет көрсету мерзімі жеті жылдан астам.

 

Еуропалық ғарыш агенттігінің, Францияның ғарыш ведомстволары мен кәсіпорындарының басшылары жер серігінің сәтті ұшырылуымен Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған қазақстандық делегацияны  құттықтады.

 

Т.Мұсабаев  өзара ынтымақтастықтағы табысты жұмыстары үшін француздық әріптестеріне алғысын білдіріп, қазақстандық және француздық мамандарды құттықтады. Сондай-ақ ол ұлттық ғарыш жүйесін қалыптастыру жолында және ғарыш саласында Қазақстан мен Франция арасындағы халықаралық ынтымақтастықта тағы бір маңызды қадам жасалғанын атап өтті.

 

 


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Қазақ
    30.04.2014 at 7:24 pm

    Неге Байқонырдан ұшырмайды?

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру