Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Отырыс кезінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі ережелері қосымша талқыланды, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке Армения Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы қаралды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары шартты дайындауда ілгерілеушілік барын айтты, сондай-ақ оны әзірлеуге іскер топтардың белсене қатысқанын атап өтті.

 

Үш елдің көшбасшылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мемлекеттер арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің нәтижесі екенін атап өтті. 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру