Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты сауда-экономикалық ықпалдастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының маңыздылығын атап өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

– Біз өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім және өзге салалардағы екіжақты ынтымақтастықты барған сайын жоғары деңгейге көтере түсуді мақсат етіп отырмыз. Елдеріміз арасындағы сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастардың даму қарқыны жақсы екенін зор қанағаттанушылықпен атап өтуге болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мемлекет басшысы Александр Лукашенконы Беларусьта бүгін атап өтілетін бабаларды еске алу күні – Радуницамен құттықтады.

 

Өз кезегінде Беларусь Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қарқынды түрде нығайып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Президентінің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі кезінде айтылған Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қатысты идеясын талқылауға дайын екенін айтты.    

 

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру