Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

Олқылықтардың орнын толтырмақ

Отандық өнім

Биылғы жылы Семей қаласында жұмыртқа өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылды. Аталмыш жобаны жүзеге асыру «Ақтөбе-Ертіс» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген болатын. Құс фабрикасына қажетті қаржы «Қазагроқаржы» АҚ мен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауының арқа-сында бөлініп, керекті жабдықтар сатып алынды.

Жұмысы жаңадан жандана бастаған кәсіпорынның беталысы жаман емес. Құс фабрикасының басшылығы алдағы уақытта жұмыртқа өндіру көлемін 7 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, нарықтағы шетелдік өнімдерді  отандық тауармен алмастыруды көздеп отыр. Қазіргі таңда бұл жерде 30 мың тауық пен балапан өсірілуде. Жылына 25 миллион жұмыртқа алу мақсатында фабрика басшылығы құс санын екі-үш есеге ұлғайтуды қолға алмақ. Осы тұрғыда шет мемлекеттерден арнайы құрал-жабдықтар жеткізіліп, қосымша цехтар салынуда. Сонымен қатар, құс фабрикасында сапалы әрі қолжетімді бағада жем дайындалады. Мұндағы мақсат  басқа тауар тасымалдаушыларға деген тәуелділікті болдырмауда жатыр. Осы қарқыннан таймаса, биылғы жылы бұл кәсіпорын толыққанды режімде жұмыс істеп, өнім көлемін жоспарлаған нәтижеге жеткізуді көздеп отыр.  
Кезінде қалада жұмыртқа өндірісімен айналысқан кәсіпорындар еттің қымбаттығына байланысты таратылып, құс етін дайындауға көшкен. Сондықтан, бүгінде қажет жұмыртқаның басым бөлігі Ресей мен Украинадан жеткізілетіні жасырын емес. Ал ол өнімдердің біріншіден, бағасы тұрақсыз, әрі сапасының жақсы екендігіне күмәндіміз. Сондықтан да, елімізде орын алған осындай олқылықтарды болдырмау үшін бұл кәсіпорын өңірдегі сұранысты толық қамтамасыз етуді жоспарлауда. Ол үшін Үкіметтен жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Бүгінде «Ақтөбе-Ертіс» құс фабрикасында өндірілген жұмыртқа өнімі жергілікті сауда орындарында арзан бағамен сатылып жатыр. Алдағы уақытта өндіріс толық қуаттылығына  енген соң, өнім басқа қалаларға да жөнелтілмек. 

Мақпал САҒЫНДЫҚ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру