Валюта бағамы: $ 324.65 397.66 5.74 ¥ 50.73

Биліктегі ауыс-түйіс

Асқар Жұмағалиев – Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы

Мемлекет  басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметінен босатылды. 

Үкіметтің қаулысымен Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев тағайындалды. А.Жұмағалиев 1972 жылы дүниеге келген. Свердловсктегі Суворов училищесі, Харьков ракета әскерлерінің жоғары командалық – инженерлік училищесі, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. «Жарық» ЖШС Бас директоры; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәттен бастап төраға орынбасарының, 2004-2005 жылдар аралығында төраға міндеттерін атқарды. 2005 жылдың мамырынан бастап, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының лауазымын атқарды. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2006 жылдан 2010 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдар аралығында ҚР Байланыс және ақпарат министрі болып, ал 2012-2014 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министр болып жұмыс істеді. 

Биліктегі ауыс-түйісЖеңіс Қасымбеков – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды.
Жеңіс Қасымбек 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс ака­де­мия­сын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік уни­вер­ситетін бітірген. Іскерлік әкімшілендіру докторы ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын «Темірбанк» АҚ маманы болып бастады. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде бас маман, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігі жүйесінде еңбек етіп келеді. Министрліктің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры қызметтеріне тағайындалды. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болды. 2005-2009 жылдары Көлік және коммуникация вице-министрі қызметін атқарды. 2009 жылғы наурыздан – Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. 

Биліктегі ауыс-түйісАрыстанбек Мұхемедиұлы  – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі болып тағайындалды. 
Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы дүниеге келген. 1981 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық маман­данды­рылған музыка мектебін аяқтап, 1986 жылы Қазақ ұлттық консервато­риясын виоленчель сыныбы бойынша, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың Ұлттық жоғары мектебін, 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­вер­ситетінің аспирантурасын тәмам­даған. Өмірінің көп жылдарын оқу-білім­ге, кәсіби шыңдалуға арнап келе жатқан ол әр жылдарда түрлі жауапты қызметтерді де абыроймен атқара алды. Атап айтқанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Мемлекеттік симфо­ния­лық оркестрінің артисі, Қазақстан Рес­публикасы Мәдениет министрлігінің бас маманы, Мәдениет министрінің көмек­шісі, «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің басқарушы директоры, республикалық гвардия Президенттік оркестрінің бас­тығы, Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігі «Республикалық және халықаралық мә­дени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК-нің атқарушы директоры, «Қазақ әуендері» АҚ-ның президенті, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Президент Әкімшілігі әлеуметтік саясат бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат бөлімі мә­дениет секторының меңгерушісі болып жемісті қызмет атқарып, биік белестерден көріне білді. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде­ми­ясының ректоры болып тағайындал­ды. 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X