Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Банк белсенділігі баяулап отыр

Ағымдағы жағдайда Қазақстан экономикасының жəне банк жүйесінің долларландыру деңгейінің жоғары болу проблемасын шешу де өзекті болып қалуда, бұл перспективада олардың барынша сапалы жəне ұзақ мерзімді дамуына негіз қалайтын басты шарттардың бірі болып табылады. Қазақстан банктерінің кредиттік белсенділігі төмен күйінде қалып отыр. Елеулі бəсеңдеудің негізгі себебі негізгі қозғаушы факторлары ағымдағы шығындар мен сақталып отырған ішкі заемшылардың жоғары кредиттік тəуекелдер бағалауы болып табылатын объективті кредиттік консерватизмде жатыр.

Кредиттік тəуекелдің жоғары деңгейінің сақталуымен бірге өтімділік пен қайта қаржыландыру тəуекелдері алаңдатушылық сейілмейді. Өтімділікті жоғалту тəуекелі банктерде көтерме заемдық капитал нарығынан тартылған

елеулі сыртқы қаржыландыру үлесінің болуына байланысты сақталады. Осыған орай, сыртқы міндеттемелер үлесін бұдан əрі жиынтық міндеттемелердің 30%-на дейін төмендету қажет, бұл қазақстандық банктердің клиенттер депозиттері түріндегі тұрақты қаржыландыру көздерінің болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сыртқы қаржыландыру үлесі 45%-дан 34,9%-ға дейін төмендегеніне қармастан банктердің сыртқы берешегі жоғары деңгейде сақталуда. Бұл ретте, сыртқы қаржыландыру көлемдерінің төмендеуі балама қаржыландыру көздерімен, əсіресе ішкі қаржыландыру көздерімен алмастырылмайды, бұл тек өтімділік дефициті проблемасын күшейте түседі.

Сақталып келетін девальвацияны күту аясында клиенттер салымдарының құрылымында теңгелік құрамдас бөлігінің төмендеуі кезінде бір мезгілде валюталық салымдардың үлесі өсуін жалғастыруда, бұл банктік жүйенің

долларлануы мен Қазақстанның банк жүйесіндегі теңгелік өтімділіктің дефициті проблемаларының шиеленісуін көрсетеді. Мысалы, тартылған салымдардың ішіндегі SPV салымдарын қоспағанда (арнайы бағыттағы еншілес ұйымдардың салымдары) шетел валютасындағы салымдар үлесі 50,2%-ды құрады. Сөйтіп, таяу перспективада сыртқы міндеттемелерді қайтарумен байланысты банктік кредиттеу өтімді активтердің жетіспеушілігімен елеулі шектелетін болады. Осындай жағдайда таяу перспективада қаржыландырудың жаңа көздері қажет. Бұл тəуекелдердің барынша төмен деңгейімен ұзақ мерзімді ішкі депозиттер, меншікті капиталын ұлғайту болуы тиіс.

Екінші деңгейдегі банктердің – ЕДБ міндеттемелері 21,0%-ға өсіп, 12 632,2 млрд. теңге құрады. ЕДБ міндеттемелерінің құрылымында басым бөлігін клиенттердің салымдары мен арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдары алуда. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер 4 414,2 млрд. теңге құрады, он бір айда олардың үлесі 44,9%-дан 34,9%-ға дейін төмендеді. Клиенттердің салымдары 28,7%-ға немесе 1 315,9 млрд. теңгеге өскені байқалды. Заңды тұлғалардың салымдары 31,3%-ға, жеке тұлғалардың салымдары 23,3%-ға өсті, бұл республиканың банк секторына деген сенімділігінің сақталғанын куəландырады. Бұл ретте банк секторының тұрақтылығына əсер ететін негізгі факторларының бірі кредиттік портфельдің сапасы болып қалады, ол нашарлау үстінде. Сөйтіп жұмыс істемейтін кредиттер 4,7 есе өсті, ал олардың кредиттік портфельдегі үлесі жыл басындағы 8,1%-ға қарағанда 36,2% құрады, ал қалыптастырылған провизиялар мөлшері кредиттік портфельдің 37,9%-ын құрады. Бұл ретте банк жүйесінің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау процесіндегі банктерді қоспағанда біріктірілген несиелік портфелінің сапасын талдау салыстырмалы орташаланған кредиттік тəуекелдері мен олардың экономика салалары бойынша біркелкі бөлінбегенін көрсетеді.

Банк секторының негізгі тəуекелдері Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген заемдар бойынша кредиттік портфельдің нашарлауына байланысты болады. Мысалы, оффшорлық аймақтарда тіркелген резидент еместерге берілген заемдар бойынша қалыптастырылған провизиялардың үлесі екінші деңгейдегі банктер қалыптастырған провизиялардың жалпы сомасының 14,4% үлесін құрады. Резидент еместерге, атап айтқанда оффшорлық аумақтарда тіркелгендерге берілген кредиттер бойынша банктер шығындарының өсуі күтіліп отыр.

Мұрагер Сералы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру