Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Басылым – жаңалықтың жаршысы Мақпал САҒЫНДЫҚ

«Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деп ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаса керек. 19 қазан – дүниежүзі пошта қызметкерлерінің күніне байланысты «Қазпошта» АҚ-ның Алматы қаласындағы бөлімшесінде «Жазылушылар күні» акциясы өткізілді. Саяси-экономиакалық, қоғамдық, рухани-мәдени, жастар мен балаларға арналған түрлі басылымдар оқырмандарға ұсынылды.

Қоғамдық мәнге ие, елеулі шараның ашылуында Алматы «Қазпошта» АҚ директорының орынбасары Оспаналиева Азизат Бименқызы қатысушыларды «Жазылушылар күнімен» құттықтады. Келесі сөз кезегі «Жалын» журналының бас редакторы, ақын, тіл жанашыры Мұхтар Шахановқа берілді. Орыс тілінде ашылған бұл жиынға наразылығын білдіріп, мұндай шаралардың тек мемлекеттік тілде өткізілу керектігін ескеріп өтті. Сондай-ақ, ақын қазақтілді басылымның редакторы ретінде еліміздегі мемлекеттік тілде шығатын басылымдардың таралымы жағынан азайып кеткендігіне тоқталды. «Қазақ басылымдары ұлттың мүддесі мен тіл тағдырын көксету жұмыстарына атсалыса қызмет ету арқылы бұл олқылықтардың орнын толтыруы керек», – деп пікірін білдірді.

«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин пошта саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай келе, алдағы жылда мұндай қоғамдық шараны кең көлемде өткізуді жоспарлау керектігін атап өтті.

Журналистер мен пошта қызметкерлерін және де қалың бұқараны бір мезетте байланыстырған шара барысында басқа да басылымдардың өкілдері сөз алды. «Айгөлек», «Дружные ребята», «Балдырған», «Тағдыр-таразы» т.б. газет-журналдардың редакторлары жиынға қатысқан қауымды «Жазылушылар күнімен» құттықтады.

Жиын соңында шараға қатысушы өкілдер ақ дастарханнан дәм татып, жылы лебіздерімен бөлісті.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру