Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

ДСҰ-ға кіру жайы талқыланды

ДСҰ-ға кіру жайы талқыланды

Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Серік Ахметов Еуропалық Комиссияның Төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесу өткізді. Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлауынша, кездесу барысында екіжақты қазақстандық-еуропалық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері қаралды. Басқосуда Серік Ахметов: «Еуропалық одақпен байланысымыз стратегиялық артықшылықтардың бірі және солай болып қала береді», – деп атап өтті.

Өз кезегінде Еуропалық комиссияның басшысы өзара қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша байланыстарды одан әрі тереңдетуге қатысты пікірін білдірді. Кездесудің басты мәселелерінің бірі Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімді талқылау болды. Екі тарап аталған құжатты дайындау жұмысына ықпал етуге келісті. ҚР Үкіметі басшысының пікірінше, Келісім Қазақстан мен ЕО-ның өзара қарым-қатынасын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Оған қоса, С.Ахметов және Ж.М.Баррозу республиканың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру перспективаларын талқылады. «Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіруге қатысты келіссөздерді қолдағаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреді. Қазақстан қиын жолдан өтіп, жақын арада осы Ұйымға кіреді деген үміттеміз», – деді С.Ахметов.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру