Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Қызылордада кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Шараның салтанатты ашылуында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова облыс кәсіпкерлерін құттықтады.

Бұған дейін дәл осындай орталық Алматы, Шымкент, Тараз, Павлодар қалаларында ашылған екен. Мұнда  өз алдына кәсібі бар немесе жаңадан бизнесін бастап, соны дөңгелетуге ынталы азаматтарды тегін оқытып, қажетті кеңес береді. Кәсіпкерлер кез келген бизнеске қатысты ақпаратты алып, қажетті құжаттарды рәсімдеуге қол жеткізеді. Сонымен қатар бизнес иелері  соңғы үлгідегі менеджмент технологиясы, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржы мен салық есептілігі, кеден процедуралары туралы да мәліметті қолма-қол алады. Мұның бәрі облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Орталықта коворкинг-офис те бар. Онда кәсіпкерлер белгілі бір жобаларды бірлесе талқылауға мүмкіндік алып отыр. 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру