Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

«Астана – Бурабай» автобанының ақылы жүйесі іске қосылмақ

«Астана - Бурабай» автобанының ақылы жүйесі іске қосылмақ

31 мамырдан бастап «Астана – Бурабай» автобанының ақылы жүйесі толықтай іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автожолдар комитетінің төрағасы Замир Сағынов мәлімдеді.

Ақылы жолдың ашылуына орай бүгін Астанадан шығар тұста орнатылған ақылы жүйенің таныстырылымы болды. Комитет төрағасы З. Сағынов атап көрсеткендей, елордадан Бурабайға дейінгі жол үшін жеңіл автокөлік иелері 200 теңге, яғни 1 шақырымға 1 теңгеден төлейтін болады.

Автобустар орындардың санына қарай 5-10 теңге, ал жүк машиналары салмағына орай 5-20 теңгеге дейін ақы төлейтін болады. Мотоциклдер үшін жол ақысыз болады. Сондай-ақ, құтқару қызметі, жедел жәрдем, құқық қорғау және жол жөндеу техникалары үшін ақы төлеу қарастырылмаған. Елдімекендерде тіркелген автомобильдер 50 пайыздық жеңілдікпен жүре алады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру