Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Шұбат байқауы өтті

Шұбат байқауы өтті

Ақтау қаласында ерекше шара ұйымдастырылды. Халқымыздың ұлттық сусындарын кеңінен дәріптеу мақсатында қала тұрғындарына шұбат тегін таратылды. Бұл байқауға өңірдің алты аймағынан жиырмадан астам шаруалар ат салысты. 

Мейрамға қатысқан қонақтар әр қожалықтың шұбатының дәмін татуға асықты. Себебі, қасиетті ақтық денсаулыққа өте пайдалы. Әлемдік медицина­ның өзі, түйе сүтін жиі пайдалануды құптайды. Шұбатты сүйіп ішетіндердің қатары көп болғандығы соншалық, тіпті шұбат ішуден «Кім шұбатты көп ішеді» деген жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың жеңімпаздарына мол мөлшерде емдік сусын табыс етілді. 

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру