Валюта бағамы: $ 327.42 383.51 5.29 ¥ 51.26

Нан бар жерде ән де бар

Нан бар жерде ән де бар

«Ас атасы – нан» деп халқымыз бекер айтпаған. Береке мен бірліктің, денсаулық пен байлықтың бастауы осы қасиетті нанда жатыр. Атам қазақ сондай-ақ, нанды ерекше қастерлеген, тіпті бейәдеп жаратқанда «киесі атады» деп түсінген. Сондықтан да болар, бала күнімізден біздің санамызда киелі асқа деген құрмет жақсы сақталып қалған…

Осыдан екі жыл бұрын Ақтау қаласындағы «Мағаш брэнд» ЖШС-нің заманауи нан-бөлке зауыты жаңадан пайдалануға берілген болатын. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған зауыттың халық үшін берері көп. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан жоба бүгінде аймақ тұрғындарын сапалы әрі дәмді нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. 
Жобалық құны 1,2 млрд теңгені құраған зауыт тәулігіне 50 тонна нан және нан-бөлке өнімдерін дайындайды. Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорын ішінде бұл цехтан бөлек, ұн қабылдау пункті, нан таситын арнайы автотехника жұмыс істеп тұр. Жергілікті тұрғындар үшін 200 жұмыс орны ашылған кәсіпорынға Германия мен Швеция елдерінен әке­лінген құрал-жабдықтар орнатылған.  
Үш жарым жыл бұрын зауыт құрылысының іргетасы қаланып, жобаның барлық жұмыстарына 1 млрд 800 млн теңге қаржы жұмсалған. Бүгінде елдің Индустрияландыру картасына Маңғыстау  облысы­ның 31 инвестициялық жобасы енгізілген және олардың жалпы сметалық құны 614 млрд теңгені құрайды. «Ақтау нан» зауыты басшыларының сөзіне қарағанда, аймақта әлеуметтік нан түрінің бағасы өзгермеген. «500 грамын – 50 теңгеден дайындап береміз. Зауытта нан мен ұн өнімдерінің 100-ден астам түрі пісіріледі. Олардың құны тиісінше әртүрлі бағада» дейді олар. Осылайша, аймақтың экономикалық әл-ауқатының дамуына оң серпін беріп отырған нан зауытының жұмысы алға жүріп жатыр. Осы қарқыннан таймаса, зауыт өнімдеріне деген сұраныс болашақта бұдан да жоғары болары сөзсіз.

Мақпал САҒЫНДЫҚ


Оқи отырыңыз

Пікір(2)

  • Anonymous
    02.12.2015 at 7:43 pm

    оте кушти

  • Адилет
    04.04.2018 at 7:30 pm

    Оте кушти 👍👍👍👍

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру