Валюта бағамы: $ 333.32 392.58 5.64 ¥ 50.02

“Педагогика және психология” қандай мамандық?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетіндегі бакалаврды дайындайтын “педагогика және психология”мамандығы қазіргі заманға сай жаңа бағыт. Дегенмен әлі күнге дейін педагог-психолог деген қандай маман иелері деген сұрақтар туындап жүр. Осыған орай, оқырмандарға аздаған түсінік бере кету ойымызда бар.

Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін қалыптастыру болып саналады. Ол жалпы адамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы, өзінің өмірлік және кәсіби мағынасын тауып, жүзеге асыруға және оны өзгелердің жасауына көмектесетін педагог-психологтардың алғышарттарын болжайды. Мұндай маман иесі оқу пәнімен,оқушылардың алдында оны ашу тәсілдерімен айналысатын пән оқытушысы ғана емес, сондай-ақ ол зиялы ғалым, мәдениет бастауларына қайта оралушы философ, білім алушының ішкі сұхбатына белсенді араласып, өз даусын естуге көмектесетін өсиетті сөздің иесі. Білімнің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануына, білімді іргелі, терең меңгеруіне бағытталған, кәсіби мамандығына қолайлы әсер ететін, адами мәдениеттегі барлық байлықтарын игеруіне, университеттегі білім берудің оңтайлы кәсіби мақсаты болашақ маманнан жан-жақты тұлға қалыптастыру. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті аясындағы “Педагог –психолог” мамандарын дайындау барысында оларды іргелі және кәсіби біліміне қарай, күнделікті өзгеріске ұшырайтын еңбек нарығының жағдайына және мамандардың кәсіби деңгейінің талаптарына тез бейімделе алатындай етіп іріктеп алады.

Факультеттегі білім беру барысы заманға сай, жаңа әдіснамалық және әдістемелік ұстаным бойынша құрастырылған, оның ішінде “Педагог –психолог” мамандығы да кіреді, толығырақ атап өтетін болсақ,

оқытушы мен студенттің бірге жұмыс атқаруы, ынтымақтастығы мен серіктестігі;

білім беруде икемге келетін, қозғалмалы әдіс-тәсілдерді оқытудың пішіндері, әдістері мен әдістемелері;

негізгі зейін студенттің өз еркімен білім алуына, өзін өзі тәрбиелеп баға беруіне қойылады;

жеке білім беру;

студенттердің шығармашылық ой қабілеттерін дамытуға арналған білім беру жолдары;

Қорытындылай келетін болсақ, “Педагогика және психология” мамандығының бакалавры ҚР білім жүйесіне бейімделгенін көрсетеді.

әр қилы оқу тәрбиелік ұйымдары, жалпы білім беретін мектептер, кәсіби мектептер, гимназиялар, лицей, колледждер, интернаттар, балалар үйлері, түзелер енгізетін мекемелер;

білім беретін әкімшілік органдар (аудандық, облыстық оқу бөлімдері, әкімшілік)

оның негізгі мамандық бойынша бағыттары:

оқушылар мен студенттер ұжымын ұйымдастыру; оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы; қоғаммен және жұмыс берушімен байланысты орнату; оқушыға білім мен тәрбие беру, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, ғылыми- теориялық білімді және кәсіби сапаны жоғарлату, психодиагностикалық жұмыс, психологиялық кеңес, психотерапия, психологиялық түзету, психологиялық профилактика;

Барлық қызығушылық тудырған адамдарды философия және саясаттану факультетіне, оның ішінде “Педагогика және психология” мамандықтарын дайындайтын жалпы және этникалық педагогика кафедрасына шақырамыз.

Г.А. Қасен,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің доценті,

П.Т.Абдуллаева,

оқытушы


Оқи отырыңыз

24

комментария

  • айгул
    15.04.2014 at 12:24 пп

    осы мамандык иесі болганыма оте куанамын

  • айжан
    11.05.2015 at 5:53 пп

    Осы мамандык ушин ЕНТ-да Канадай пан тандау керек?

  • Гузеля
    09.07.2015 at 4:21 дп

    Егер мамандығы педагог психолог болса бірақ басында ештеңе қалмаса жұмыс істей алама?

  • Гузеля
    09.07.2015 at 4:24 дп

    Педагог психолог қандай жерлерде жұмыс істей алады?

  • Гузеля
    09.07.2015 at 4:29 дп

    Бұл сұрақтарды қойған себебім менің бір құрбым осыдан 5 жыл бұрын диплом алған бірақ әлі жұмысқа кырмеген осы уақытта оқығанымның барлығын ұмытып қалдым дейді.Осының бір жолы барма жокпа саны білейін дегем.

  • Аноним
    30.07.2015 at 10:58 дп

    Мен балабақшада педагогика психология мамандығын алып жатырмын сол туралы ақпарат бере аласызба

  • Рахима Ретбаевна
    30.07.2015 at 11:00 дп

    Мен балабақшада педагогика психология мамандығын алып жатырмын сол туралы ақпарат бере аласызба

  • Асем
    23.11.2015 at 11:52 дп

    Мен педагогика и психология мамандығында оқып жатырмын осы мамандығымен мен бастауыш сыныптарға жəне балабақшада жұмыс істей аламынба.

  • гулбану
    19.04.2016 at 4:25 пп

    Педагогика жане психология тапсыру үшін қанша жинау керек?

  • Гули
    24.04.2016 at 1:48 пп

    Сәлеметсіз!меня Ақмола облысы, Көкшетау қаласында Көкше академиясында окимын! Мамандығым педагогика және психология! Сіздерге ауыскым келеді! Қандай жеңілдіктер бар.4-5 ке оким! Активисткамын! Биыл 1курс бітіремін

  • Гули
    24.04.2016 at 1:50 пп

    Сәлеметсіз!мен
    Ақмола облысы, Көкшетау қаласында Көкше академиясында окимын! Мамандығым педагогика және психология! Сіздерге ауыскым келеді! Қандай жеңілдіктер бар.4-5 ке оким! Активисткамын! Биыл 1курс бітіремін

  • Гулсая
    03.12.2016 at 10:17 дп

    Менинде мамандыгым осындай мен бастауыш сыныптарға сабақ бергим келед.

  • гулнур
    02.01.2017 at 6:30 пп

    Осы мамандыкпен кандай жумыс жасайды,мектеп пен балабакшада тарбиеши , мектеп мугалими бола аламын ба

  • Гулназ
    13.01.2017 at 4:35 пп

    Мен Педагогика жане психология мамандыгын битргенмин. Осы сала бойынша мектепте бастауыш сынып мугалими немесе бала бакшага тарбиеши болып жумыс стей аламын ба?

  • Гулназ
    13.01.2017 at 4:39 пп

    Мен Педагогика жане психология мамандыгын битиргенмин. Осы сала бойынша мектепте бастауыш сынып мугалими немесе бала бакшага тарбиеши болып жумыс стей аламын ба?

  • айгерим
    15.01.2017 at 1:06 дп

    Педагогика және психология мамандыгына кандай пан тандаган жөн биология тарих тандаума болама

  • Аноним
    26.01.2017 at 1:47 пп

    биология панын тандау керек! Балы баска мамандыктарга караганда жогары,мектепте ,балабакшада,колледж де,карттар уиынде ,жеке бизнес ашшаныз да болады’

  • Мақпал
    03.02.2017 at 1:43 пп

    Бұл үшін биалогия жəне география таңдау керек па?

  • Əсем-ай
    11.03.2017 at 1:17 дп

    Сәлеметсіздер! Мен педагогика жəне психология маман иесі болдым. Биология пəнін таңдаған болатынмын .

  • Аноним
    05.04.2017 at 9:15 пп

    бұл мамандыққа қанша балмен түсе алады жəнеде гранд барма?

  • Аноним
    23.04.2017 at 8:51 пп

    Грантқа қанша жинау

  • Айым
    18.05.2017 at 11:12 пп

    Сәлеметсіздерме
    Бұл мамандыққа кандай пән таңдау керек. Биыл убт 2пан тандайтын бөлып озгергендіктен биология және география пандерімен түсе алады ма
    жауап күтемін, рақмет

  • ай
    16.07.2017 at 3:19 пп

    Менде сол мамандык бойынша тест тапсырайин деп отирмин

  • Аяжан Мукановв
    20.07.2017 at 4:25 пп

    Менде Педагогика Психологияны таңдап отырмын. Таңдау пəні:Биология-География.
    Бұйырса Əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне түссемін.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X