Валюта бағамы: $ 378.86 416.78 6.06 ¥ 54.62

Сала дамуына серпін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласы өндірушілерінің отандық жиыны өтті.

Шара арқылы ұйым-дастырушылар жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту үшін мемлекет, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың күш-қуатын біріктірмек. Съезд аясында Қазмедиа орталығында отандық жеңіл өнеркәсіп саласының көрмесі, «Жасампаздық қуаты» модалық көрсетілімі қойылды.
– 2015-2019 жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар жоба іске асып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы аралықта салада шығарылған өнім көлемі 57 пайызға өсті, негізгі капиталға салынатын инвестиция 50 пайызға артты. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды 2025 жылға дейін ұзартып жатырмыз. Бұл бағдарлама өңдеу өнеркәсібін дамытып, экспорт пен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған, – деді Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр.
Одан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жеңіл өнеркәсіптің экономика үшін маңызы зор екендігіне тоқталды.
– Президенттің шағын және орта бизнесті қолдауының арқасында бірқатар өндіріс іске қосылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қарағандыдан 4-5 жігіт келіп, кәсібін ашып, қазіргі күні «Астана Ютария» компаниясының негізін қалаған болатын. Міне, бүгінгі күні ол іргелі кәсіпорынға айналды. Сол секілді үлгілер көп. Отандық кәсіпорындардың өнімдерінің қай-қайсысы болсын бәсекеге қабілетті, бағасы да қымбат емес. Осы съезде айтылған ұсыныстардың бәрі еске-ріледі, – деді ол.
Съезд жұмысына жеңіл өнеркәсіп саласындағы 120 кәсіпорын өкілі, дизайнерлер мен ғылыми орта өкілдері жиналды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру