Валюта бағамы: $ 378.86 416.78 6.06 ¥ 54.62

«Нұрлы жер» бойынша алғашқы пәтерлер ұстаздар мен дәрігерлерге берілді

Тұңғыш Президент күні Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ мен министрліктер арасында 2019 жылғы маусымда қол қойылған меморандумды жүзеге асыру аясында білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне жаңа пәтерлер кілтін салтанатты табыстау шарасы өтті.
«Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның ұсынысымен Қазақстан ипотекалық компаниясы дәрігерлер мен мұғалімдер тәрізді әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдері үшін арнайы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу бағдарламасын дайындаған еді. Биыл жазда біздің компания, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі арасында сәйкес келісімдерге қол қойылды. Бүгінде бағдарламаның алғашқы қатысушылары – Ақтөбе қаласының тұрғындары – өздерінің жаңа пәтерлерінің кілтін алды»,— дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.
Жаңа қоныстанушыларға «Қарғалы» тұрғын үй алабы, 200 үй, 1,2 корпус мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 1 579 шаршы метр 40 пәтер тапсырылды. Бұл пәтерлердің 17-сі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде жұмыс істейтін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлеріне, 23 пәтер Білім және ғылым министрлігінің Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне берілді.
Шараға Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсенбаев қатысты.
Жалпы алғанда, мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйді қаржыландыруға компанияның жеке және қарызға алған қаражатынан шамамен 40 млрд теңге бөлінеді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пәтерлерді үлестіру жоспарланған.

Самат Жекеев:
Туған күнге ең жақсы сый
Бар байлығым – бұл менің қыздарым! Жұбайым Әлия мен екі қызым – Айсұлу (3 жас) мен Айару (5 жас). Әйелім екеуміз тағы бала сүюді армандаймыз. Оларға ең жақсыны беру үшін өзімізге көп нәрсені үйрену керек екенін түсінеміз. Мен мұғаліммін және докторантураға түсуді жоспарлап жүрмін. Жұбайым екінші орта-арнайы білім алып, медициналық колледжде оқып жүр. Қыздарымыз әзірге балабақшаға барады. 5 жылдан астам уақыт бойы біз жалдамалы пәтерде тұрдық. Екі баламен бұлай тұру оңай болған жоқ. Кадрлар бөлімі Қазақстанның Ипотекалық Компаниясының тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынғанда біз өтініміміздің мақұлдануын күттік. Ал, құпталған кезде қуанышымызда шек болған жоқ! Пәтер бір бөлмелі болғанымен, өзімізге тиесілі! 31-желтоқсанда мен 28-ге толамын және туған күн мен жаңа жылды жаңа пәтерде атап өту ең жақсы сыйлық деп білемін. Біз жақын арада өз баспанамызға ақша жинай алатын едік деп ойламаймын. Балалар өсіп, шығындар да көбейіп жатыр ғой. Ал, бағдарламаның шарттары өте ыңғайлы, жалға алу құны қолжетімді…. Енді тағы бала сүюді жоспарлап, ең басты арманымыз – үлкен үй тұрғызу жайын ойластыруға болады!


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру