Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Тамсандырған сырлы сурет

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Әли Бақтыгереевтің шеберханасының «АЛАУ» көрмесі өтуде.

Қылқалам шебері өзіндік этноромантикалық стильде жазатын сан бояулы көрнекті суретші. Кескіндеменің плас­тикалық-образдық жүйе­сін және алуан түрлі ком­по­зициялық шешімдерді жете меңгерген. Суретшінің шы­ғар­­машылығында ұлттық тақы­рып маңызды орын алады. Қылқалам шебері Ұлы дала халықтарының дәстүрлеріне, мәдениетіне, тұрмысына ден қояды. Ол суретші ретінде де, педагог ретінде де Қазақ­стан заманауи кескіндеме мекте­бінің дамуына зор үлес қосты. Ұстаздықпен өткен 25 жыл ішінде Ә.Бақтыгереев О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің қабырғасында тұтас бір ерен жүйрік сурет­шілер қатарын даярлап шығарды. Оның шәкірттері қазіргі таңда «Бақтыгереевтің мек­тебінен» шыққанын дә­лел­деп, белсене жұмыс істеуде. Қ.Телжановтың, Ж.Қай­рам­баевтың, К.Дүйсен­баевтың және т.б. шеберханалары сияқты Ә.Бақтыгереевтің шебер­ханасы да аса танымал.
Экспозицияға суретшінің 80 шақты жұмысы қойылды, оның 40-тан астамы суретші өз шығармашылығының әр түрлі кезеңінде жазған кескіндемелік картиналары. Көрермендер Ә. Бақтыгереевтің «Көш» (2010), «Батыр» (2010), «Күннің батуы» (2010), «Әуез» (2015), «Өмір» (2014), «Кеш» (2019) және т.б. жұмыстарын тамашалайтын болады. Көрменің екінші бөліміне оның халықаралық және республикалық конкурс­тардың жеңімпаздары болған шәкірттері мен жас сурет­шілердің туындылары қойыл­ған суретшінің шеберханасы ұсынылды.
«Алау» топтық көрме екен­­­­­дігіне қарамастан, экс­по­­­зи­цияның басты бөлігін Ә.Бақтыгереевтің туындылары құрайтындықтан, көрмені бейнелеу өнері шеберінің өзіндік бірінші жеке көрмесі деп айтуға болады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Ыбырай Бақыт Ермаханбетұлы
    08.11.2019 at 11:36 pm

    Казак суретшлерне колдау көрсету керек Акшалаи көмек беру керек Бинелеу өнерын тамытыу керек Мен оилаиымын сонда Казак суретшлеры әлемге танылар еді Менде суретшымын бырак каражат жетпеиды

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру