Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Қазақстан Одақта өз күн тәртібін ұсынады

Қазақстан өзінің ЕАЭО-ға қатысу тәсілін қайта қарады. Бұған қазақстандық келіссөз жүргізушілер көтеріп отырған мәселелердің мазмұны мен шетелдік сарапшылардың бағалары дәлел бола алады.

Жақында Мәскеу қа­ла­сында (Ресей Федерациясы) өткен Еуразиялық үкі­мет­аралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысында қазақстан бірқатар стратегиялық ма­ңызды мәселелерді қозғады.
Атап айтқанда, ҚР Пре­мьер-Министрі басқарған қазақстандық делегация дәрі-дәрмектердің тіркеу куәлігін автоматты түрде мойындау бойынша мәселені пысықтауға бастамашылық етті.
«Біздің елдерде жекелеген дәрі-дәрмектер бағасының айырмашылығы 2-3 есе болып келеді. Оның себептерінің бірі тіркеу куәліктерін мойындауды созып алумен де байланысты. Біздің ұсыныс бойынша комиссия (Еуразиялық экономикалық комиссия)қо­сымша тексеру рәсімдерінсіз өзара тануға болатын дәрі-дәрмектер тізбесін анықтау бой­ынша жұмысты бастады, – деп түсіндірді қазақстандық тараптың ұсынысын сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. – Біз тек қана ЕАЭО дәрі-дәрмке нарығының жұ­мысын жеңілдетуге ғана емес, Қазақстандағы өмірлік маңызы бар дәрілерген бағаны түсіруге де мүдделіміз».
ЕҮАК қатысушылары кө­тер­­­ген тағы бір маңызды та­қырып – ЕАЭО елдеріне қазақ­стан­дық тауарлардың экспортын жеңілдету болды.
«Бүгінде Ресейге және ЕАЭО басқа елдеріне қазақ­стандық азық-түлік тауарларын енгізген кезде отандық тауар өндірушілер тауардың шығу сертификатын ұсынуға міндетті. Сертификатты сұрау – бұл дұрыс. Ал егер ондай сертификат тауардың әрбір партиясына талап етілетін болса, онда бұл – басқа мәселе. Оның ішінде жарамдылық мерзімі шектеулі тауарларға», – деді СИМ басшысы.
Оның сөздеріне сәйкес, та­уардың шығу сертификатын (СТ-1 сертификаты) алу рәсімі 1-3 күнді қамтиды.
«Яғни, мысалы, Ресей мен Қырғызстанға экспортталатын қаймақ пен айранның әрбір партиясы жекелеген шығу сер­­тификатын алуы қажет. Бұл экспорттаушыға тек қана қосымша қаржылық салмақ болып қана қоймайды, сонымен қатар біздің өнімнің нарықтағы жарамдылық мер­зімін қыс­қартады», – деп түсіндірді Сұлтанов.
Қазақстан Еуразиялық эко­номикалық одақтың бірыңғай нарығында айна­лысқа түсетін, біздің елде өндірілетін өнімді құжатпен дәлелдеуді жеңілдету туралы бастаманы ұсынды.
«Отырыстың нәтижесі бойынша біз тараптардың аталған талаптарды жеңілдету мүмкіндігін пысықтауға дайын екендігіне қол жеткіздік.

Аталған мәселені жедел шешу үшін стараптар арнайы жұмыс тобын құратын болады», – деп Бақыт Сұлтанов атап өтті.
Қазақстан көтеріп отырған мә­се­лелердің бірі ЕАЭО алкоголь нарығының қатысуышылары үшін теңдей жағдайлар жасауды талқылау болды. Бұрынырақ қазақстандық тарап Одақтағы әріптестерді егер тараптар қазақ­стандық өнімнің еркін айналымы үшін өз нарықтарын ашуға дайын болмаса, онда Қазақстан өз нарығын қорғау үшін теңдей шаралар қабылдауға мәжбүр болатынын ескерткен болатын.
«Біз көп уақыттан бері ЕАЭО алкогольдік нарығын реттеу туралы келісіммен мәселені шешуге шақырып келеміз. Қазақстан шаң жұтпақ емес, тараптар қолданатын қамтамасыз ететін төлем мен арнайы импорттаушылар институты тәрізді ішкі нарықты қорғау шаралары ЕАЭО ортақ алкоголь нарығын құрудың мақсатына түбегейлі қайшы келеді» – деді Бақыт Сұлтанов.
ЕҮАК отырысының қоры­тындысы бойынша беларустік тарап бұл мәселені жақын уақытта шешуге уәде берді.
ЕҮАК отырысының шең­берінде интеграциялық ынты­мақтастықтың өзекті бағыттары бойынша барлығы 15 мәселе қаралды.
Кездесу нәтижесі бойынша ЕҮАК келесі отырысы 2020 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында болатыны хабарланды.

Бекет Көкенайұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру