Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

Елордалық «Көрме» орталығында «KazAgro-2019» және «KazFarm-2019» атты халықаралық көрмелері өтті. Он жыл ішінде аталған көрмелер өздерін еліміздегі ең ірі халықаралық, агроөнеркәсіптік форум ретінде көрсетіп үлгерді. Аталмыш шараны «ExpoGroup»халықаралық корме компаниясы, албас демеушісі – «Ростсельмаш» компаниялар тобы ұйымдастырды.

Сонымен қатар көрме Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Қазақстан Рес­публикасындағы Германия елшілігі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы және Германия инженерлік одағының (VDMA) ресми қолдауымен өткізілді. Іс-шара ауыл шар­уашылығы саласындағы же­тістіктерді көрсету, агро­өнер­кәсіп кешеніне енгізілген инновациялық әзірлемелер мен технологияларды іл­герілету, желілік және іс­кери келіссөздер үшін тиімді коммуникациялық кеңістік құру мақсатында өткізілді.
14 000 шаршы метрді құрайтын көрмеде 300-ден астам компаниялар бас қосты. Австрия, Беларусь, Венгрия, Германия, Дания, Индия, Иран, Испания, Италия, Канада, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Нидерланды, Ресей, Словакия Түркия, Украина, Ұлыбритания,Финляндия, Швейцария, Швеция және Эстония елдері көрмеде бой көрсетті. Дәстүрлі «Германияда жасалған» стендінен басқа, Испания, Италия және бірқатар Ресей облыстарының ұжымдық стендтері көрме қонақтарын өз елдерінің және аймақтарының жетістіктерімен таныстырды.
Жыл сайын көрмелер өзінің қонақтарын іскерлік шаралардың бай бағдар­ламасымен қуантады. АҚШ, Германия, Канада, Ресей, Украина және Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымына мүше болып кіретін елдердің делегациялары брифингтер мен семинарларға қатысады, онда өздерінің білімдері мен тәжірибелерін қазақстандық серіктестерімен бөлісіп, талқылайды. Көрмелердің ең басты бағдарламалары – ол Қазақстандағы заманауи ауылшаруашылық әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығы (AMTK) және Герман машина жасау одағы (VDMA) ұйымдастырған «Қазіргі заманғы ауыл­шар­уашылық әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығы», сонымен қатар, Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы «экспорт және инвестициялар» атты дөңгелек үстел өткізді.

Айнұр Бақдәулетқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру