Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Инновациялық 18 жоба – үздік

Биылғы «Жастар жылы» аясында «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен Батыс Қазақстан облысына гранттық қаржыландыруға 45 млн. теңге бөлінді. Конкурстық комиссия отырысында 83 жоба қаралып, жалпы құны 45 млн. теңгеге 18 жоба мақұлданды.

Қайтарымсыз грантты иелену конкурсына қатысуға өтінімдер қыркүйектің 16-26 күндері аралығында қа­былданды. Бұл конкурсқа қа­тысушылар, негізінен, жас­тар, жас кәсіпкерлер (29 жас­қа толғандарды қоса са­на­ғанда) болды. Жастарға қай­тарымсыз негізде қаржылай қолдау көрсететін конкурс­тың комиссиясының отырысы 4-14 қазан күндері он-лайн режимінде өтті. Қаралған жобалардың 56-сы – Оралдан, 27-сі ауылдық жерлерден түсті. Комиссия оң шешімін берген 18 жобаның сегізі – ауыл-аудандардан. Бұл жобаларды іске асыру барысында 30 жаңа жұмыс орны ашылады.
– 2012-2018 жылдар ішінде өңірге 224 млн. теңге грант­тық қаржы бөлініп, 110 кәсіп­кер инновациялық грантты иеленді. Осы мерзім ішінде ауылдардағы тұрғындар­­ға 113,5 млн. теңгеге 66 грант бөлінді. Ал қалалықтарға 110,5 млн. теңгенің 43 грант­тық қаржы берілді, – деді облыстық кә­сіпкерлік және индус­триал­дық-инновациялық даму басқар­­масының бас маманы Мейрам Қабдығалиев.
Мақұлданған инновация­лық жобалардың ішінде полиуретан бұйымдары өнді­рісі, «Батыс лайт шоу агент­тігі», «ақылды қала», иннова­­­циялық бағыттағы білім беру қызметтері, тұрғын үй ком­муналдық шаруашлығы сала­сындағы сервистік қызмет жобалары және басқалары бар.

Гүбар Дыбысқали


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру