Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Білімді жастар – ел ертеңі

М.С.Нарықбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетінде «Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» аудитория­сының ресми ашылуы мен республикалық жаппай «Qazaqsha dıktant» шарасы ұйымдастырылды.

«Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» – оқыту әдістерінің тиімді базасын құрастырып, қазақ тілі оқытушылары үшін сапалы семинар, тренингтер және курстар ұйымдастырып, сол арқылы қазақ тілін дамытуға үлесін қосып жүрген орталық. Диктант шымылдығын А.Байтұрсынұлы атындағы Білім академия­сының директоры Ұ.О.Еркінбаев пен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры А.С.Шәуеев мырзалар құттықтау сөзбен ашып берді.
«Qazaqsha dіktant» жазуға ниет етіп келгендердің қатарында: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Шәкәрім атындағы СМУ, А.Байтұрсынұлы атын­дағы ҚМУ, «Tildaryn» об­лыстық тілдерді дамыту орталығы (Қостанай қ.), Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМУ, С.Аманжолов атын­дағы ШҚМУ, Х.Досмұхаме­дов атындағы АМУ сияқты ЖОО мен мекемелердің оқытушылары мен қызмет­керлері, Нұр-Сұлтан қала­сының студенттері мен қонақтары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 120-дан астам болды.
Диктанттың ерекшелігі – жастар жылына арналған мәтін қазақ тілінде оқылып, латын әліппесінде (графикасында) жазылды. Нәтижесінде үздік жазған диктанттардың иелері марапатталды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру