Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Жол жақсарса – экономика да түзеледі

Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде ҚазжолҒЗИ-дың 60 жылдығына арналған «Жол құрылысының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция аясында автожолдардың сапасын бақылауға арналған бірегей жылжымалы зертхана мен жол-құрылыс материалдарын сынау бойынша жаңа жабдықтар таныс­тырылды.

Іс-шара барысында авто­жолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін «ҚазжолҒЗИ» АҚ арнайы сатып алынған зерт­ханалық кешен көрсетілді, автожол құрылысы саласындағы соңғы технологиялық шешімдер ұсынылды.
Қатысушыларға жолда­ғы ақаулар туралы деректер­ді жинап, талдайтын, жол жамылғысының жалпы жағ­дайын, автожолдардың сапасы мен күтіп ұсталуын бақылауға арналған зертханалық кешен (MFV) көрсетілді. Заманауи техника — MFV көмегімен кез келген жол төсемесінің беріктігін, көтергіштік қабілетін, қабаттардың қалыңдығын және жол құрылымын анықтауға болады. Конференция барысында автожол құрылысының соңғы технологиялары, құрылыс және жөндеу сапасын жақсарту­ға арналған жаңа материалдар ұсынылды. Іс-шараға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» РМК, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС өкілдері, жобалау және мердігер компаниялар, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ материалдар мен технологияларды өндірушілер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру