Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Гимназияда «Рухани жаңғыру» күні өтті

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» жоба аясында Алматы қаласы №13 мектеп-гимназиясын­да «Рухани жаңғыру» күнін өткізді.

«Қазақтану», «Өзгерісті өзің­нен баста» мәдени-ағарту­шы­лық лекторийі, «Ұлы дала өнері» атты көрме, Book dating, Талантты таныту, Буккроссинг және т.б. шаралар өтті.
Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақтың салт-дәстүрін зерттеуші, этнограф Болат Бопай, №13 мектеп-директоры Тамара Дүйсен­баева, Ауған соғысының арда­гері, қоғам қайраткері Еркін Қуанбай, халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Рахила Наралиева, ақын Ләззат Игісін қатысып, қоғам қайраткері Алмаш Бима­ғамбетова жастармен рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме өрбітті.
«Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат!» атты кездесумен ашылған шаралар кешені «Талантты таныту» кешіне ұласты. Кешке ақын, Монғолия қазақ ақындары арасында өткен Алтын жебе жыр мүшәйрасының (1992 ж), Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйраның (1997 ж.) бас жүлдегері. Монғолия Жастар одағының алтын медалінің, Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы сыйлық иегері Гүл Зарқұмар қатысып, балаларды өз поэзиясымен сусындатты. Сондай-ақ, №13 мектеп-гимназияның талантты оқушыларының өнер жолындағы тұсауы кесілді.
Мұнан кейін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақтың салт-дәстүрін зерт­теуші, этнограф Болат Бопай, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері Еркін Қуанбай, этнограф, жазушы, фольклоршы Байахмет Жұмабай, журналист, қоғам қайраткері Жаңыл Әпетова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Рахила Наралиева, ақын Ләззат Игісіннің әрбір аудиторияда «Қазақтану» лекторийлеріне жалғасса, енді бір сыныптар «Мен рухани жаңғыруды қалай түсінемін» атты шығарма жазу байқауына қатысып жатты.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру