Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Ауыл шаруашылығының экономикасын дамыту – уақыт талабы

Халықаралық БҰҰДБ ұйымы биоалуан түрлілікті сақтау, жердің тозуын болдырмау және климаттың өзгеруі бағдарламалары аясында Eco Fermer білім беру орталығын құрған болатын.

Ғаламшардың жер ресурстары климаттың өзге­руімен күшейетін антро­погендік әсердің өсіп келе жатқан қысымында тұр.То­пы­рақтың құнарлы қаба­ты мен қоректік заттарының кемуі табиғи экожүйелердің күйі мен жергілікті халықтың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді. Осыған орай, ғылыми қауымдастық және халықаралық ұйым өкілде­рі экономикадағы ахуалды жақсарту және халықтың әл-ауқатын жоғарылату үшін жер ресурстарын тұрақты басқару саласындағы стратегияны әзірлеу мен іске асыру қажеттілігін баса айтуда. Қазақстан шөлейттену проблемаларына ерекше мән береді, оның ажырамас бөлігі жердің тозуы болып табылады. Жердің деградациясы табиғи және антропогендік әсерден егін егетін жерлер немесе жайылым жерлердің биологиялық және экономикалық өнімділігінің төмендеуін немесе жоғалуын білдіреді.
Ауыл шаруашылығын кли­мат­тың өзгеру жағдай­ла­рына бейімдеу мүмкін бе? Осы сектордағы пар­никтік газдар шығарын­дыларын азық-түлік қауіпсіздігіне және экономиканы дамытуға қауіп төн­дірмей төмендетуге бола ма? Мұндай сұрақтар өңірде ауыл шаруашылығын дамыту тенденциясын талқылау кезінде шарасыздан туындайды.
Осы сұрақтарға жауап алу үшін Алматы маңындағы Ке­мертоған ауылында орна­ласқан EcoFermer білім беру орталығында көшпелі сессия ұйымдас­тырылды. Бұл – көрне­кілік орталық емес, эконо­­ми­­­калық тиімділік шарттарында жұ­мыс істейтін және әртүрлі ауылшаруашылық өнім­дері мен органикалық ауыл шаруа­шылығы үшін өнім жеткізетін фермер шар­уашылығы.
Фермер шаруашылығының иесі Денис Тен шаруашылығы­ның барлық даму бағытта­рын ұсы­нды: көкөністер мен жидектерді өсіру, жүзім ұлу­ларын, бөдене, қоян, ешкі, қой, шошқа өсіру, денсаулық­қа бағалы есек сүтін өндіру, ара шаруашылығы. Осы бағыт­тардың әрбіреуіне көп шығын жұмсалады, алайда уақыт өте белгілі табыс әкеліп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамта­масыз етеді.
Фермер шаруашылығында табиғат ресурстарын үнем­дейтін заманауи техноло­гия­лардың кең түрлері ұсы­ныл­ған: органикалық егін шар­уа­­шылығы, органикалық қал­дықтарды қайта өңдеу, қайта жаңартылатын энергия, энер­гиялық тиімді құрылыс.
Маңызды бөлігі – 10 текше метрге есептелген қондырғы көмегімен биогаз өндірісі үшін қол­данылатын органикалық қал­дық­тарды толық қайта өңдеу. Биогаз жылыту, тамақ дайындау үшін қолданылады, тұрмыста өте қолайлы. Биогаз өндірісінің органикалық қалдықтары кали­форниялық шұбалшаңдар көме­гімен Қазақстан нарықта­рында сұранысқа ие органикалық ты­ңайт­қыштарға қайта өңделеді.
БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) елдердің мемлекет­тік құ­ры­­лысында көмек көрсе­те отырып, олар дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін, әрбір адам­ның өмір сүру сапасын жақсартуға алып келетін өсуді көтермелей және қолдай отырып, қоғамның барлық жік­терінің өкілдерімен ынты­мақ­тасады. 170-тен астам елдер мен аумақтарда жұмыс істей отырып, БҰҰДБ адамдардың неғұр­­лым толық құқылы өмі­ріне жәр­демдесетін және мемлекет­тердің өміршеңдігін арттыратын жаһан­­дық пайымдау мен жергі­лікті шешімдерді ұсынады.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру