Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Ұлы Жібек жолы – ұлы мәдениет жолы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде ҚХР Тан әулетінің ежелгі Батыс нарығының Сиань музейімен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Тан Саньчао» майлы кескіндеме музейінің және Сианьның ежелгі астанасының кескіндеме және каллиграфия институтының қолдауымен «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» атты көрме өз жұмысын бастады.

Ұлы Жібек жолы шеңберінде Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласын­дағы ынтымақтастық қарым-қатынасын жалғастырып, музей ісі саласындағы достық байланыстарды нығайта отырып, осы екі ел музейлерінің жобасы іске асырылуда. Көрме «Аспан асты елінің» бейнелеу өнерімен таныстырады, аталмыш көрмеге Қытайдың Сиань қаласындағы танымал Тан Саньчао, Цуй Цзымо, У Чэнбинь және Чжоу Цисян суретшілердің 60-тан астам шығармалары ұсынылды. Көр­ме экспозициясы екі негізігі бө­лімнен тұрады: бірегей майлы кескіндеме және дәстүрлі қытайлық «гохуа» кескіндемесі.
Көркем туындылар келу­шілерге табиғаттың сиқыры мен сұлулығын, Қытай кескінде­ме­сінің көркем әсемдігін көріп, оларды жасаушылардың көңіл-күйі мен өнерге деген ұмтылы­сын тамашалауға мүмкіндік береді. Көрме аясында Қытай сурет­шілерімен кездесу өтті. Олар көр­кем шығармаларды жасау тә­жіри­бесімен бөлісті.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру