Валюта бағамы: $ 387.16 428.47 6.08 ¥ 55.13

Шелек фермерлері жаңа органикалық егіншілік әдістерін игеруде

«Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен «Шелек фермерлері» жобасын іске асыратын Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры (ЖҚҚ) көкөніс шаруашылығында ғылыми және инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізудің жаңа мысалдарымен таныстырды. Кооператив фермелері пайдаланатын негізгі жаңалықтардың бірі – бұл пайдалы жәндіктерді зиянкестер санының табиғи реттеуіші ретінде пайдалану, сондай-ақ, жылыжайларда тек органикалық тыңайтқыштарды қолдану.

Қазақстан Республикасы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан хал­қына Жолдауында: «Ауыл шаруа­­­шылығы – біздің негізгі ресурсы­мыз, алайда, ол көп ретте толық­тай пайдаланылмайды. Біздің ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнімдерді өндіруге айтарлықтай әлеуетіміз бар», – деген болатын.
Мемлекет басшысы органи­калық ауылшаруашылық өнім­деріне жайдан-жай көңіл аударған жоқ, себебі Қазақстан табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ, түпкілікті пайдалану өнімдерінің өндірістік циклға қайтары­луын қамтамасыз ететін «жасыл экономиканы» құруға бағдар алды. Органикалық егіншілік – бұл осындай экономиканың ажырамас бөлігі, Еңбекші­қазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қорының негізгі мақсаттарының бірі – оны дамыту болып табылады.
Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институ­ты тығыз ынтымақтастық жасай бастады. Институт мамандары екі эксперименталды жылыжайда өсімдіктерді қорғаудың экологиялық тұрғыдан қауіпсіз биоәдістерді енгізді – энтомофагтарды кіргізді – бұлар зиянкестердің санын табиғи жолмен бақылайтын пайдалы жәндіктер. ҒЗИ қызметкерлері кооперативке апта сайын барып, тәжірибелі учаскеде көкөніс дақылдарын өсіру процесін қада­ғалайды. Ж.Жиембаев атын­дағы ҚазӨҚжКҒЗИ пайдалы бунақаяқтылар зертханасының меңгерушісі Айжан Чадинова пайдалы жәндіктерді, яғни, энтомофагтарды арнайы әзірленген технология бойынша институт зертханаларында алдын ала өсіретінін түсіндірді. Зертхана қызметкерлері энтомофагтарды, соның ішінде жәндіктер мен кенелер сияқты жыртқыш және паразит бунақаяқтыларды селекциялау саласында зерттеу жүргізіп, өсімдіктердің жылыжай дақылдарының зиянкестері­нен биологиялық қорғалуын қамтама­сыз ету үшін энтомофагтарды жап­пай өсіру технологиясын және оларды пайдалану әдістерін әзірлеумен айналысып жатыр.
«Шелек фермерлері» жобасы іске асырылатын «Ауыл өңірлерін дамыту» бағдарламасының концепциясы дәннен өнімдерді өт­кізуге дейінгі бүкіл жолды фермерлермен бірге өтуге негіздел­ген. Қазіргі маусымға дейін көкөністерді сақтау мәселесі кооператив фермерлерінің әлсіз тұсы болып келді. Фермерлер өнімдерді сақтаумен мүлде айналыспаған, жинаған соң оларды бірден сауда нүктелеріне жеткізген. Пайдаланушыларға балғын өнімдерді жазда ғана емес, басқа маусымдарда алу маңызды, сондықтан, агробизнес орталық аумағында замануи эксперименталды көкөніс қоймасы салынды. Фермерлер оны жаз бойы пайдаланып, енді көкөніс қоймасын суық мезгілде барынша дұрыс пайдалануды ойластырып жатыр. Сонда өңірде аса танымал жартылай ащы бұрыш сақталады деп жоспарлануда, кейін оны күздің соңында сатуға болады.
Еңбекшіқазақ аудандық жер­гілікті қоғамдастықтар қоры­­­ның директоры Бақытгүл Елші­баева былай деді: «Шелек фермерлері» ауылшаруашылық өндіріс кооперативі 6 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Ауыл өңірлерін дамыту» бағдарламасының арқасында бүгін айтарлықтай нәтижелерімен мақтана алады: көкөніс дақылдарының өнімділігі 20 және одан да көп пайызға өсті, бұл көкөністерді өсірудің жаңа технологияларын енгізу арқасында жүзеге асырылды, бағдарлама қатысушыларының көкөніс дақылдарды игеру алаңы 17-ден 42 гектарға дейін ұлғайды. Кооператив қатысушылары болып табылатын фермерлердің жетістіктері басқа фермерлерді ауылшаруашылық бизнесімен айналысуға ынталандырып, бү­гінгі таңда фермерлерден кооперативке кіруге 40-тан астам өтінім келіп түсті».
Жоба «Филипп Моррис Қа­зақстан» компаниясының қол­дауымен Алматы облысының Ең­бекшіқазақ ауданының жергі­лікті қоғамдастықтар қоры тарапынан жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, бұл жоба мақсатта­рына аграрлық секторды дамыту, ауылшаруашылық өнім­дерінің сапасы мен бәсекеге қабі­леттілігін жақсарту және аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыру жатады.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру