Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Қазақ – Қытай достық әдебі

Алматыдағы «Rixos» қонақүйінде Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жылдығы мен Алматы қаласындағы ҚХР-ның жаңадан сайланған Бас консулы Гэн Липинді таныстыруға арналған жиын өтті.

Қытай халқы 70 жылда өте күрделі жолды бастан кешіргені белгілі. Шығысымыздағы алып мем­ле­­кеттің жарты ғасыр­­дан астам уақытта жеткен жетіс­тігінің себебі неде деген орынды сұрақ туындайтыны ақиқат. Бұл сұраққа жауапты қуатты әрі дұрыс басшылықтың болуынан деп түсінгеніміз жөн. Өйткені, саяси билік біртұтас ұлтты ерен еңбек пен қалтқысыз күрес үшін біріктіретін күш. Ешкімнің қолдауынсыз, көме­гінсіз өзіндік қайраттылық пен еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жеткен Қытай мем­лекеті жылдам қарқынмен да­­мып келеді. Әрі өзге мемле­кет­тер­­дің дамуына да өз үлесін қосуда.
Қытаймен достастық көрші­лік қарым-қатынас біздің елдің сыртқы саясатының басым ба­ғыт­­тарының бірі. Қытай – Қа­зақ­станың маңызды әр сенімді көршісі болып қала береді. Бұл жақсы қарым-қатынастың орнатылу негізі – ҚР Тұңғыш Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың үлесі деп толық айтуға негіз бар. 27 жыл дипломатиялық қарым-қаты­настың төңірегінде екі ел арасында жоғары экономика­лық және жылдам дамып жатқан өзара ынтымақ­тастық орнатылды. Таяуда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ал­ғашқы сапары болды. Бұл тағы бір мәрте Қазақстанның сыртқы саясатындағы Қытаймен қарым-қатынасқа ерекше назар аударатынын дәлелдеді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру