Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Шынайы ынтымақтастықтың мәні зор

Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО әлемдік сауда-саттықты дамытудың аса маңызды бөлігіне айналғанына сенімді екенін айтты.

Мемлекет басшысы на­рықтың жылдам өзгеріп жат­қан конъюнктурасы, державалар арасындағы бәсе­келестіктің артуы, сауда соғы­сы, протекционизмнің өсуі әлем экономикасының тұрақ­сыздығына соқтыруы мүмкін деп мәлімдеді.
– Ғаламдық күрделі жағ­дайда мемлекеттеріміздің эко­номикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұған шынайы әрі өзара ынтымақтастық, интеграция мен кооперация­ның арқасында ғана қол жеткізуге болады. Біздің елдеріміз ортақ ішкі нарық­тағы кедергілерді жою жұ­мыстарын жалғастыра беруі керек, – деді Қ.Тоқаев.
Қазақстан Президенті сауда жасаудағы кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жан­дандыруға шақырды.
– Комиссия ұлттық заң­на­маларға мониторинг те­тіктерін күшейте алады және солай істеуге тиіс деп ойлаймын. Еуразиялық эко­но­микалық одақ шеңбе­рін­дегі қолданыстағы құ­қық­­тарды түсіндіру мен ақпа­рат­тандырудың тиімді тетіктерін әзірлеу қажет,– деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық одақ аясындағы көлік-логистикалық ын­тымақ­тастықтың оң нәти­же­­лерін айта келе, Еуразия­лық экономикалық комиссияға және ел үкіметтеріне ЕАЭО-ның біртұтас транзиттік жүйесін дайындау жұмыс­тарын жеделдетуді, сонымен қатар, озық технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды ұсынды.
– Қытай – Еуропа – Қы­тай бағытындағы транзит­тік опе­рациялар мен экспорт-импорттың көлемі тұрақты артып келе жатқанын бай­қауға болады. Вьетнам – Қытай – Еуропа бағыты бойынша іске қосылған трансконтиненталді темір­жол желісі Оңтүстік-Шы­ғыс Азия елдерінің қа­уым­дастығына кіретін мем­лекеттердің нарығына біздің елдердің өнімдерін шығарудың логистикалық мәселесін шешеді. Аталған көлік дәлізі теңіз тасымалына жақсы балама және Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағы ар­қылы қысқа мерзімде жүк жеткізуге мүмкіндік береді,– деді Қазақстан басшысы.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру