Валюта бағамы: $ 387.37 428.55 6.06 ¥ 55.06

Қала тұрғындарының түйткілді мәселелері тыңдалды

Мүгедек жандарды алдап, ақылы ем үшін банктерден несие алуға мәжбүрлейтін медициналық клиникалар да бар екен. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Бостандық аудандық фронт-офисінде халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық қабылдауында белгілі болды. Қабылдауға қатысқан заңгер-медиаторлар олардың мәселелеріне араласатын болды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинетімен бірге Алматы қаласы, Бостандық аудандық және Алатау аудан­дық халыққа қызмет көрсету орта­лықтарында «Келісім» атты азаматтарды қа­былдау күнін өткізген болатын.
Шара мақсаты – қала тұр­ғын­дарының түйткілді мә­се­ле­лерін тыңдау, әртүрлі дау­лар­дың, ұлтаралық түсініс­пеуші­ліктердің, сыбайлас жемқор­лық көріністерінің алдын алу, туындаған әртүрлі жағдай­лар бойынша заңдық, құқық­тық тұрғыда және мем­лекет­тік қызмет алуға қатысты кеңестер беру.
Қабылдау барысында көр­шілер арасындағы жер дауы, әкелік құқық мәселесі, азаматтык некеде өмірге келген ортақ бала жағдайы, үйге кезектің жылжымауы, жолдасы мүгедек, баламен үйде отырған ананың әлеуметтік жәрдемақы ала алмау фактісі, ата-ана мұрасын бөлісу мәселесі, медициналық клиникалардың мүгедек адамдарды алдап, ақылы ем үшін банктерден үлкен сомада несие алуға мәжбүр етуі және басқа тұрмыстық жағдайларға қатысты 30-ға жуық адам сұрақ­тармен жүгінді.
Ал Алатау ауданында өткен қабылдауға 20-ға жуық адам жүгінді. Азаматтар көбінде тұрғын үй мәселесіне қатысты және әлеуметтік көмекке байланысты сұрақтармен жүгінуде. Тұрғындар сұрағына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқар­масының бас маманы Турдуев Шавкет Метхатұлы, «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­­лекеттік корпорациясы Бос­тандық фронт-офисінің басшысы Ұйқасбаева Айнұр Бей­себайқызы, Алатау аудан­дық фронт-офисінің басшысы Байдалинова Халима, Алматы қалалық ҚХА Ме­диация кабинеті «Ариана» ауған орталығының басшысы Ахмадулла Восток, халықаралық «Жанашыр» қо­ғамдық қоры­ның басшысы Жаңыл Әпетова, қызметкері Ләззат Игісін, ха­­лықаралық құ­қық қорғау орталығының кәсіби медиаторлары Марниц Олег Георгиевич, Мединеева Гүлжан Бекжанқызы, Үсенова Зылиха Сейдуалиқызы, Бабанов Қуандық, Ахмет Гүлвира, Турдахунова Рима, Жарлыханова Раушан жауап беріп, кейбір мәселелерді сотқа жеткізбей шешуге көмек көрсететін болды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру