Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Балуандарымыз белдесіп, боксшыларымыз жарады!

Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс Арена» спорт кешенінде күрес спортынан әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Әлем чемпионатында келесі жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына берілетін жолдама сарапқа салынды. Сондықтан әр салмақта өткен белдесулер шиеленісті деңгейде өтті.

Барлығы 30 алтын жүлде үшін өткен біріншіліктің қорытындысында 9 алтын, 5 күміс және 5 қола еншілеген Ресей құрамасы тағы да күрес спорты дамыған мемлекет екендігін дәлелдеді.
Финалдық сайыста қос қандасымыздың да жолы Өзбекстанның өкілдерімен қиысты. Бұл жекпе-жектерді жанкүйерлер тағатсыздана күтті. Ақтық сында Бекзат Нұрдәулетов 20 жастағы Дилшодбек Рузметовпен айқасты. Бәсекенің басынан сауатты тактика ұстанған қазақ жігіті бұл бәсекені өз пайдасына шешті. Өзбек қанша жанталасқанымен Нұрдәулетовтің осал тұсын таба алмады. Осылайша маңғыс­таулық Бекзат Нұрдәу­летов 81 келі салмақта әлем жеңімпазы атынды.
Ең ауыр салмақта шар­шы алаңда жұдырықтасқан тағы бір отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев финалда азулы Баходир Жалоловпен жұдырықтасты. Бұған дейін екеуі өзара төрт мәрте кездескен. Таразы басы тең тұрды. Екатеринбургтегі сайыста қазақтың ұлы барын салып көрді. Бірақ жеңіс Б.Жалоловтың еншісінде кетті. Осылайша жерлесіміз 91 келіден жоғары салмақта күміс жүлдені иеленді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру