Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Музей мәдениеті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жобасы аясында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі ашық есік күні үлгісінде «Музейлер шеруін» өткізді.

Жоба мақсатына музейдің мақсатты аудиториясын ке­ңейту; келушілермен қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін енгізу; музейлерді мәдени қызмет орны ретінде дәріптеу; ұлттық мәдени мұраны қалың көпшілікке таныстыру; осындай акцияларды өткізуге облыстық, қалалық және ведомстволық бағынышты музейлерге бастама беру сынды бастамалар кірді.
«Музейлер шеруі» акциясына мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Министр ханым жағдаймен танысып, келушілерден олар­дың осы шара жөнінде не ойлайтындарын сұрады. Ми­нистрдің акцияға қаты­суы музей қызметкерлерінің осы акцияның міндеттерін түсі­ністікпен қарауына ықпал етті. Министрге көп нәрсе ұна­ды, жаңа технологиялық жетістіктер талқыланды. Ми­нис­трді музеймен таныстыру туры кезінде музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева, баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева, директордың әкімшілік мәселелері жөніндегі орынбасары Нұржан Сатыбалды және музейдің басқа да қызметкерлері бірге болып, әртүрлі мәселерді талқылады.

Cалтанат Қажыкен


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру