Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Барлық салада байланыс нығаймақ

Алматыдағы «The Ritz Carlton» қонақүйінде қазақстандық кәсіпорын мен Қытайдың еркін сауда орталығы Хайнань аралы арасындағы болашақ байланысқа арналған халықаралық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, қалалық әкімшілік, ҚХР-ның Алма­тыдағы дипкорпусы мен Хайнань провинциясының делегация өкілдері қатысты. Шара аясында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына жаңадан сайланған басшысы Гэн Липин ханым сөз сөйлеп, баяндама жасады. Хайнань өлкесі қазақстандықтар үшін Баос форумын өткізген аймақ ретінде таныс. Кезінде бұл форумға Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Бұдан басқа бұл арал әлемге демалатын курортты мекен ретінде белгілі. Туристерді көптеп тарту үшін Қытайдың орталық өкіметі виза мәселесін оңтайлы жолмен жеңілдеткен. Осыған байланысты дүниежүзінде 59 мемлекет, соның ішінде Қазақстан тұрғындары да Хайнанға визасыз баруына болады.
Хайнань провинциясы – Оңтүстік Қытай теңізіндегі керемет інжу тасы болып саналады. Отыз жыл бұрын мұнда Қытайдың ең үлкен арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бүгінгі таңда Хайнань осы жаңа дәуірде алтын тарихи мүмкіндікке қол жеткізді. 2018 жылдың көктемінде Бас хатшы Си Цзиньпин бүкіл әлемге партияның орта­лық комитеті Хайнань аралында пилоттық еркін сауда аймағын құруды қолдауға шешім қабылдағанын жариялады. Соған қоса қытайлық сипаттамаларға сай еркін сауда портының аймағының тереңдетілген реформалары және ашылу саясатының стратегиялық ұстанымдарын беруіне, ұлттық экологиялық өркениеттің пилоттық аймағын құруға, халықаралық туристік және ұлттық ірі стратегиялық сервистік қолдау аймағының стратегиялық ұстанымдарын беруге ықпал етуге, Хайнань Қытай стилін, мінезін көрсетуге және Қытайдың имиджін қал­пына келтіруге арналған Қы­тайдың есім карточкасына енгі­зуге қолдау көрсетеді.
Қазақстан Хайнань аралында өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін үнемі сатып алады. Елімізге 20 мың тонна жемістер мен дақылдар импортталады. Қазақстан кәсіпорны арал тұрғындарына қажетті заттарды ҚХР арқылы сатуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты қазақстандық бизнестің алға өрлеуі үшін аралға арналған арнайы жобалар жасалуда.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру