Валюта бағамы: $ 377.65 427.31 5.87 ¥ 56.25

«Қолжетімді баспана-2020» «АСЫЛ АРМАН» ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛМАҚ Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

Тұрғын үйдің қолжетімділігі қашаннан шешілуі қиын мәселе болып келе жатқандығы мәлім. Осы проблеманы жеңілдету үшін Үкімет бекіткен 20-шы жылға дейінгі бағдарлама неғұрлым сәтті жүзеге асса, халық оның игілігін көретін уақыт та соғұрлым жақындай түспек. Бағдарлама шеңберінде салынатын тұрғын үй құрылысының бірінші кезеңі Алматының қаламаңы төңірегінде басталды.

Қарасай ауданының Іргелі ауылында «2020 жылға дейінгі қолжетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғашқы тұрғын үйдің іргетасы қаланды. 2376 пәтерден тұратын «Асыл арман» кешені 14 айдан кейін пайдалануға беріліп, тұрғындар пәтерді тікелей сатып немесе жалға алатын болады. Құрылыс ойдағыдай аяқталса 100 мың шаршы метр баспана, яғни екі мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі. Әрбір шаршы метрдің өз құны 149 987 теңгені құрамақ. Белгіленген жоспар бойынша тұрғын үй құрылысы үш кезеңнен тұрады. Алдымыздағы жылдың аяғына дейін бірінші кезең бойынша 1224 отбасы баспаналы болады деген үміт бар. Ал 2014 жылдың соңына дейін кешен құрылысы толық аяқталмақ. Бұл кезеңде тағы 1154 пәтер пайдалануға тапсырылады. Ірі кешенде 10 мың адам тұрады деп болжануда. Жобаның жалпы құны 17 млрд 800 млн теңгені құрайды.

Қолжетімді баспананың шаршы метрі 180 мың теңге. Кешен жайлылығы 3-санаттағы тоғызқабатты үйден тұрады. Алаңы 33 және 65 шаршы метр 1, 2- және 3 пәтерлер энергия үнемдейтін технологиялар қолданыла отырып, жақсартылған күйде таза әрленеді. Мұнымен қоса, жобада тұрғындардың автокөліктеріне арналған 2 мыңнан астам тұрақ орындары да қарастырылып, оның есебі жайластырудың сметалық құнына енгізіліп те қойылыпты.

«Асыл арман» кешенінің таныстырылымында «Элитқұрылыс Жоба» ЖШС бас директорының орынбасары В. Малик кешеннің ауданында инфрақұрылымды дамыту – мектептер мен ауруханаларды, бала бақшаларды салу жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Жобаны қаржыландырушы «Самұрық-Қазына» АҚ жылжымайтын мүлік қорының төрағасы Болат Палымбетовтің айтуынша, республикамыздың барлық қалаларында осындай тұрғын үй кешендерін тұрғызу үшін 120 жоспар қарастырылып отыр.

Қолжетімді тұрғын үйді салу «Элитқұрылыс Жоба» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке әріптестік аясында іске асырылуда. Жылжымайтын мүлік қоры бағдарламаның аясында іске асырылып жатқан жобаның тапсырушысы емес, әріптесі болып табылады. Сондықтан да біз құрылысшылар сияқты жобаны уақытында тапсыруды көздеп отырмыз», – деді Болат Палымбетов.

7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге несиелеу шарттарына қарай сатып алу құқығымен пәтер жалдаудың ай сайынғы ақысы бір шаршы метр үшін – 1600 теңге болады делінуде. Алаңы 33 шаршы метр бір бөлмелі пәтерді қолжетімді бағаға – 40 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаға сатып алуға болады екен. Құрылыс аяқталардан 3 ай бұрын тұрғын үйді сатып алуға электронды өтінімдер қабылдана бастайды. Болат Палымбетов атап өткендей, адам факторын болдырмау үшін барлық процесс онлайн түрінде жүргізіледі.

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының негізгі мақсат-міндеттері бойынша жағдайы орташа отбасыларға арнап тікелей сату және кейіннен сатып алу арқылы жалға беру  жолымен сату үшін қолжетімді тұрғын үйлердің пайдалануға енгізілуі қамтамасыз етілу қажет. Соған байланысты «Самұрық-Қазына» АҚ 2013 жылы – 200 мың шаршы метр, 2014 жылы – 300 мың шаршы метр, сонымен қатар, 2015 жылдан бастап жыл сайын 500 мың шаршы метрден үй салуды жоспарлап, еліміз бойынша барлығы 3,5 млн. шаршы метрден астам үй салатын болғаны белгілі. Бағдарлама  жеке меншік құрылыс салушылармен бірлесіп эконом-санаты бойынша  тұрғын үй салуға арналған инвестицияны көздейді. Бұл ретте жеке меншік құрылыс салушылардың қатысу үлесі  жобаның бүкіл сомасының кемінде 20 пайызы мөлшерінде болжануда. Барынша  көбірек инвестиция сомасымен қатысатын  құрылыс салушыларға артықшылық берілетін болады. Сондай-ақ, құрылыстың өзіндік құны 1 шаршы метр үшін өңірлерде 120 мың, Астана мен Алматы қалаларында 150 мың теңгеден аспайтындығы айтылған болатын.


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Абдилова Назгуль
    04.01.2019 at 9:34 pm

    Саламатсыз ба 2 бөлмелі Пәтер неше және де неше жылға беріледі несиеге жалғыз басты Анаға көмек жоқ па деген менде пікір

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру