Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Үздіктер анықталды

Елордада «Қазақстанды таны» халықаралық блогерлер форумында «Мен Қазақстаннанмын» атты видеоблогерлер байқауы­ның жеңімпазы анықталды

Бірінші орынды Дидар Мұратов (Алакөл туралы видео) иеленді, сыйақы ретінде ол 1 миллион теңге алды. Екінші орын және 500 000 теңгені Дмитрий Москаленко (Ақ Бауыр петроглифтері туралы видео) жеңіп алды. Үшінші орын және 200 000 теңгені Алдияр Байрақымов (Көк Жайлау туралы видео) иеленді. «Авиата» компаниясының арнайы номинациясын Жасұлан Бақытжанов (Алматы туралы видео) алды. «Sevens» ауыз суының арнайы сыйлығыАида Тастеміроваға (Ассы жайлауы туралы видео) тапсырылды.
Конкурсқа қатысуға 1000-ға жуық өтінім келіп түскен, 200-ден астам видеожұмыс қабылданды. Финалға 15 видео­блогердің жұмысы өтті. Қаты­сушылардың жобаларын Әлішер Елікбаев, Біржан Әшім, Луи Коулл және Мурад Османн сияқты еліміздің және шет елдердің атақты блогерлерінен тұратын әділқазылар алқасы таңдады.
Жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы­лар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «A kind heart» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 Айнұр Бақдаулетқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру