Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Ұйымдар кеңес беруге әзір

11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар борыш жүктемесін азайту бойынша кеңесті 111 call-орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басқа тағы да бірқатар ұйымдардан біле алатын болады.

Бүгінгі күні борыш жүкте­месінің төмендеуіне үміткер азаматтар өз мәртебесін келесідей тексере алатыны белгілі:
– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесіне ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;
– Электрондық үкімет пор­талының басты бетінде орна­ласқан «Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрон­дық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;
– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша кеңес алу;
– Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.
11 қыркүйектен бастап қазақ­стандықтар мемлекет есебінен қа­рыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы кеңесті:
– облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала­ларының жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармаларынан;
– «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан;
– Облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалала­рындағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ау­мақтық департаменттерінен ала алады.
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес борыш жүктемесін азайту 5 санаттағы азаматтарға: көпбалалы отбасыларға; мүгедек балалары бар отбасыларға, бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтарға; жалғыз асыраушысынан айрылған отбасыларға; атаулы әлеуметтік көмек алу­шыларға; жетім балаларға қа­растырылған. Бұл санаттағы азаматтар үшін берешекті өтеу олардың қаржылық табысына байланысты емес.
Борыш жүктемесін азайту шарттары:
– тек кепілсіз тұтынушылық қарыздар (кепілге немесе биз­несті дамыту үшін алынған кредиттер қарастырылмайды);
– Мемлекет негізгі қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін өтейді (қарыз мөлшері 300 мың теңгеден асатын адамдарға, олардың боры­шының бір бөлігі 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі);
– жалпы берешек ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс;
– кредит банкте немесе ми­кро­қаржы ұйымында ресім­делуі тиіс (коллекторлық ком­пания­ларға берілген қарыз­дар өтелуге жатпайды).
Жоғарыда көрсетілген санат­тағы азаматтардың тізімін қа­лыптастыру орталық мемле­кет­тік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде жүзеге асырылды (жалпы алғанда 2,289 млн бірегей адам). Тізімдер Ұлттық банкке және Мемлекеттік кредиттік бюроға берілді. Ұлттық банк өз тарапынан кепілсіз тұтынушылық несиесі жоқ, жалпы қарызы 3 млн теңгеден асатын, қарызда­ры коллекторлық ұйымдарға берілген адамдарды тізімінен шы­ғарып тастады. Нәтижесінде 506 941 борышкерден тұратын 630 633 қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын тізім пайда болды.
Мемлекет тарапынан ұйым­дастырылған бұл акция бір реттік сипатқа ие. Борыш жүктемесін өтеу қазақстан­дықтардың кре­диттік тарихтарына кері әсерін тигізбейді, яғни кредиті өтелген азаматтар қаржы ұйымдарының «қара тізіміне» ілінбейді.

 Ботагөз Әбдірейқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру