Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Тау-кен өндірісі – өзекті сала

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу жұмыстары – былтырғы жылдың қорытындылары бойынша тартылған қаражаттың жалпы үлесінің 40,2%-ы. Еліміздегі салалық ұйымдардың шетелдік компаниялармен өзара әрекеттестікке бағытталған мемлекеттік саясаты нақ осы салада әлемге танымал компаниялардың алаңсыз жұмыс істеуіне қолайлы орта қалыптастырып отыр.

GDS (ағыл. Global Distri­bu­tion System – Жаһандық Дис­три­бюторлық жүйе – ред.) жаппай енгізілген түрліше салаларда көп жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан – «МАЙКРОМАЙН Орталық Азия», Outotec және FLSmidth Central Asia – компанияларының өкілдері мем­лекетімізде іске қосылған жобалар осы саланы жылдам дамушы саланың біріне айналдырды, деп түйіндейді. Бұл ретте мүдделер мен өзара ынтымақтастық шоғыры экологиялық қауіпсіз технологиялық шешімдерді енгізу ғана емес, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын да қамтиды.
«МАЙКРОМАЙН Орталық Азия» компаниясының директоры Жасхан Байровтың айтуынша, мемлекеттің құрған – экономиканың негізгі салалары мен кәсіпорындардың цифрлық ортаға көшуі және оларда «Индустрия 4.0» бағдар­ламасын енгізу шешімі – ин­вес­тициялық тұрғыдан тартымды жағдай болып табылды.
«Өндірістерді цифрландыру туралы шешім компаниямыз үшін артықшылық болып табылады, өйткені, ел президентінің жолдауына сәйкес «Индустрия 4.0»-ке көшу белсенді түрде енгізіліп жатқанда, тау-кен өн­дірісі саласын бағдарламалық қамтамасыз етуді жасап, іске қосу ұйым іс-қимылының негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі. KAZRC есептемесінің бірыңғай стан­дартының енгізілуі де қолайлы факторлардың бірі болып саналды», дейді ол.
MICROMINE барлық мем­ле­кеттік бейінді жүйелердің бәрімен де белсенді жұмыс істеп қана қоймай, бүгінгі күнге Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен және де басқа ведомстволардың қатысуымен бірқатар жобаларды табысты жүзеге асырып үлгерді де. Жобалардың негізін бағдарламалық қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқыту және техникалық қолдау құрайды.
«МАЙКРОМАЙН Орта­лық Азия» ЖШС пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласының кәсібилерінен тұратын KAZRC Стандарттары жөніндегі комитеттің құрметті мүшесі болып есептеледі.

Қоршаған ортаны қорғау – жоғары стандарттардың көрсеткіші

Өз кезегінде, Outotec – кен-байыту, металлургия және химия өнер­кәсібі, энергетика мен суды пайдалану үшін экологиялық қауіпсіз технологиялық шешімдер жеткі­зуді қамтамасыз ететін компания, Қазақстанда 25 жыл жұмыс істейді. Аталған кезеңде компания елімізде 160: жабдықтарды жаңғыртудан бастап фабрикалар салуға дейінгі жобаларды жүзеге асырған.
Outotec компаниясының Еуразия аймағы президенті Марина Красюктың бағамдауынша, тау-кен байыту жұмыстары барысында қоршаған ортаны қорғау саласының талаптары қатаңдай түскен. Осы саланың кәсіпорындары кен мен минералдарды қайта өңдеу барысында өнімділікті қамтамасыз етіп, зиянды қалдықтарды мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қажет етеді. Шикізаттық материалдарды тиімді және экологиялық тұрғыдан үнемді жұмсауды қамта­масыз ететін орнықты технологиялар мен шешімдер іске асыру жөніндегі ғылыми-зерттеу қызметінің арқасында Outotec өндіріс тиімділігін жақсартуда тау-кен байыту өнеркәсібі кәсіпорындарына ықпалын тигізуде.
«Outotec «Полиметалл» компа­ниясының «Қызыл» алдыңғы қатарлы алтын кені жобасын технология­лық жабдықпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ энергиялық тұрғыдан тиімді Outotec-тің флотация машинасы мен автоматтандыру жөніндегі жетілдірілген шешімдері концентрат өндірісіне және Қазақстанның кен байыту комбинаттарының біріне шығуды жақсартуға өз үлесін қосуда, – дейді Outotec компаниясының Еуразия аймағы президенті Марина Красюк. – Жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерге кіріктірілген жабдық тау-кен байыту өнеркәсібі алдынан жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. «Ақылды» басқару жүйелерінің, оларға қосымшалар мен жабдықтардың көмегімен компания тау-кен байыту өнеркәсібі кәсіпорындарында қауіпсіздікті, болжам мен өнімділікті одан әрі жақсарта түсуде».

Инвестициялық ахуал – ел тартымдылығының кепілі

FLSmidth компаниясына Қа­зақстанда бірлескен жобаларды іске қосуына әсер еткен маңызды фактор – қолайлы инвестициялық климат болып табылды. Жа­һан­дық ұйым – кен байыту техно­логияларының өндірушісі және кен байыту жабдықтарының бүкіл желісімен қамтамасыз еткен, біздің елімізде толыққанды өкілдіктері бар екі офи­сімен қызмет көрсетуде.
«Компанияның 80% жабдық­тарымен жарақтандырылған, кәсіп­орындарына сервистік қолдау және байыпты қызметін көрсететін «Қазминералз – Ақ­тоғай» және «Бозшакөл» нысандары FLSmidth Central Asia-ның аса ауқымды іс-қимылын танытатын белгілік жобалар. Бүгінгі таңда алпауыт консигнациялық қоймасы, жөндеу аймағы, зертханасы, тапсырыс берушілердің қыз­меткерлерін оқытатын сыныбы бар және офистың өзі орналасатын Қарағанды қаласында өзіміздің «Супер Орталық» құрылысы басталды. Компаниямыз мұнда әлемдегі ең үлкен жабдықтар жиынтығымен өз өндірісін жолға қоятын техно­логиялық шешімдер жеткізуші ре­тінде осы өңірде мейлінше бекуін жоспарлап отыр. Біздің компания тапсырыс берушілер мен клиенттердің қажеттілігін ескере отырып, олармен қатынастарын тұрақты түрде жетілдіріп келеді», – дейді FLSmidth Central Asia компаниясының Senior Sales Manager-і Дмитрий Критинин.
Аталған үш компания да, жиырма бес жыл тарихы бар – Ортаазиялық халықаралық «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдар өндірісі және байыту» көрмесінің тұрақты қатысушылары. Айта кету керек, биыл бұл көрме Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында 18 – 20 қыркүйекте өтеді деп белгіленген.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру