Валюта бағамы: $ 384.97 427.12 6.04 ¥ 54.75

Ірі ет комбинаты ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданында жылына 8 мың тонна ет өндіретін «Империя Фуд» ет өңдеу кешені ашылды. Экспортқа бағытталған осы кәсіпорынның ашылуының нәтижесінде өңірге 2,9 млрд. инвестиция тартылып, 80 жаңа жұмыс орны құрылды.

Ет комбинатының салтанатты ашылуына Алматы об­лысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер және өзге де ресми өкілдер қатысты.
Кәсіпорын жылына 8 мың тонна ет өнімін шығаруға қауқарлы. 12 мың банкаға ар­налған консервілік желісі, 14 тонналық қан және сүйек ұны зауыты бар. Ет комбинаты базасында 80 жұмыс орны ашылған, жобаға 2,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Ет комбинатының ашылуында облыс әкімі Амандық Баталов көпшілікті кәсіпорынның ашылуымен құттықтады. Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер де сөз алып, екі ел арасындағы іскерлік байланыс, өзара ынтымақтастық бұдан әрі де жалғаса беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде «Империя Фуд» ЖШС директоры Джавидан Арман Джавад өндірісті іске қосудың барлық кезеңдерінде мемлекет тарапынан көрсетіл­ген қолдауларға ризашылығын білдірді. Сол сияқты жергілікті бюджет есебінен жүргізілген инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары үшін облыс басшылығына да алғыс айтты.Жаңа нысанның лентасы қиылғаннан кейін шараға қатысушылар мен қонақтар ет комбинатын аралап көріп, мал сою, бөлшектеу, орау цехтарында болды.
Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 332 тонна ет өнімін кұраған. 73 тонна ет Иран мен Бахрейнге экспортталған, жыл соңына дейін тағы 640 тонна өнім экспорттау жоспарланып отыр. Алматы облысындағы қолайлы инвестициялық кли­маттың арқасында өңірде жалпы инвестиция көлемі 1 трлн. теңге болатын 38 жоба жүзеге асырылуда.

Айнұр БАҚДАУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру