Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

«Көкбастаудағы» аламан

Алматы облысында ұлттық спорт ойындарын насихаттауға жан-жақты көңіл бөлініп келеді. Бұл орайда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарыстар мен дүбірлі додалардың мәні мен мағынасы бөлек. Олардың арасында бүгінде тұрақты түрде өткізіліп отыратын, яғни дәстүрге айналған сайыстар аз емес. Солардың бірі де бірегейі «Көкбастау» ипподромында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына арналған ат спорты түрлерінің республикалық жарысы.

 

Атшабар алаңы мерекеге сай безендіріліп, төбеде түрлі-түсті жарыс жалаулары желбірейді. Өнерпаздардың орындауында ән мен жыр әуелей құйқылжиды. Биыл бұл ауқымды шара осымен 21-ші рет өткізіліп отыр. Салтанатты түрде ашылған шарада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, ұлттық ат спорты ойындарының жанкүйерлерін Қазақстанның одан әрі өркендеуі мен қоғамдық келісімінің берік кепілі болып табылатын ел Конституциясымен құттықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша тай жарысында оқ бойы озып келген Жамбыл облысынан қатысқан «Шөнгер» атты жүйрік 200 мың теңгенің ақшалай сыйлығына ие болды. Тоғыз шақырымдық жорға аттар жарысында Қырғыз Республикасының атынан қатысқан «Қабылан» атты жүйрік бірінші келді. Он бір шақырымдық құнан бәйгеде Қарасай ауданының «Қарлығашы» бірінші орынды иеленді. Он алты шақырымға созылған топ бәйгеде бірінші орынды Алакөл ауданының атынан топқа қосылған «Шымбұлақ» атты сәйгүлік иеленді. Жеңімпазға «Нива» автокөлігінің кілті табысталды. Осыдан кейін 25 шақырымдық Аламан бәйгенің де кезегі келіп жетті. Нәтижесінде жеке дара озып, топты жарған Қарасай ауданының «Қаракөз» атты жүйрігін тізгіндеген Бай­ғұрман Сабыржанға «УАЗ Патриот» автокөлігінің кілті табыс­талды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру