Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Жиналған қаражат игі іске жұмсалмақ

Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шара – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов қоры мен Rixos Borovoe отелі іс-шараның форматын жаңғыртып, оны екі күндікке айналдырды және бағдарламасын кеңейтті. Нәтижесінде, Burabike Fest 2019 қатысушылардың саны бойынша, сондай-ақ қайырымдылық қаражат жинау сомасы бойынша рекордтарын кезекті рет жаңартты.

Фестиваль басталғанға де­йін тіркеу және қайырымды­лық жарналарының арқасында 130 млн. теңге сома жиналды. Фестивальдің бірінші күні мейман меценаттардың арасында өткізілген аукцион Burabike Fest қорына 164 млн. теңге әкелді.Барлық қалаған меймандардың қатысуға мүмкіндігі болған аукционнан түсімді, жеке құрмалдықтар мен брендті спорттық киімді сатудан түскен қаражатты қоса алғанда, екінші күннің жиыны 6,2 млн. теңгені құрады. Сөйтіп, биылғы жылы 300,2 млн. теңге рекордты сома жиналды, ал Burabike Fest өткізудің бүкіл тарихында қайырымдылық жиын 1 млрд. теңге деңгейіне жетті.
Іс-шараның жаңа форматы Rixos Borovoe отелінің ау­ма­ғында көбірек мейманды қабылдауға мүмкіндік берді, со­ның нәтижесінде олардың саны 4 мың адамға, өткен жылға қара­ғанда 1,5 мыңға артық цифрға жетті. Кеңейтілген бағдарламаға 35 км және 70 км қашықтыққа әуесқойлық веложарыс, сондай-ақ 10 км қашықтыққа велошеру, аукциондар, күндізгі Open Air, теннис турнирі,31 арнадан қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен концерт кірді. Тұңғыш рет отель­дің аумағында Burabike Fest 2019 фестивалін ең ірі ашық аспан астындағы халықаралық фестивальдер форматына жақындатқан шатыр қалашық өрістетілді.
Жыл сайын фестивальге бас менеджері Александр Вино­куровтың жетекшілігімен «Астана» велокомандасы қатысады. «Біз «Астана» велокомандасы мен «Samruk-Kazyna Trust» қорының атынан осы біз үшін дәстүрліге айналған қайырымдылық іс-шараны кезекті рет қолдауға қуаныштымыз. Мен Burabike ұйымдастырушыларының бар­лығына және Болат Өте­мұ­ратов қорына алғысымды біл­діремін. Осы жылдардың ішін­де қор қайырымдылық қа­ра­жат жинау бойынша қомақты жұмыс атқарды. Сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырылуы мен өткізілуінің жоғары деңгейін атап өткім келеді және, әрине, осы демалыс күндерін бізбен бірге өткізгендердің бәріне рақмет, келесі жылы көрісеміз», – деп атап өтті Винокуров мырза.
Жиналған қаражат (қаты­сушылардың тіркелу жарналары, қайырымдылық аукциондардан түсім, меценаттар мен демеушілердің жарналары, брендті спорт­тық жабдықтаманы сатудан түсім) Қазақстанның аймақтарындағы балалар ауруханаларын, емханалар мен перзентханаларды өмірлік маңызды медициналық жабдықпен жарақ­тауға бағытталады.
«Burabike Fest спорт­тық-музыкалық фес­ти­валі еліміздегі ең ірі қайы­рымдылық іс-шараға айналды. Біз әрбір қатысушыға, демеушіге, аукционда лот сатып алушыға олардың қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Burabike Fest өткізудің арқасында еліміздің сан ал­уан аймақтарында медициналық қыз­меттердің сапасы жақсарады жә­не олардың тұрғындары ең заманауи диагностикалық және реабилитациялық жабдыққа қол жеткізу мүм­кіндігіне ие болады», – деп қоры­тын­дылады Болат Өте­мұратов қорының директорыМарат Айтмағамбетов.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру