Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Бәсекеге қабілетті экономиканы құру ғылым мен инновациялық дамуға негізделуі тиіс

Мемлекет басшысы 23 тамызда Қарағандыда еліміздің индустриялық-инновациялық даму барысына арналған мәжілісте нақты міндеттерді жария етті. Маңызды шараның ашылу рәсіміндегі сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның – жаһандық, әсіресе аймақтық нарықтарда табысты бәсекелестік таныта алардай күшті, технологиялық тұрғыдан озық дамыған өнеркәсібі болуы керек, деп атап көрсетті.

– Біз әлемдік конъюнктура-ның нашарлай түсуі, сауда теке-тірестерінің шиеленісуі, жалпы алғанда, жаһандық қарама-қайшы-лықтардың күрделенуі жағдайын бақылаудамыз. Әлем, көріп отырғандарыңыздай, бір орнында тұрмайды, сондықтан біз де уақытпен үндес қадам жасауымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері кездесуінің мақсаты – экономикадағы жүйелік өзгерістерді табысты жүзеге асыру үшін шешімін табуы тиіс мәселелерді талқылау.
Мемлекет басшысы жүргізілген жұмысты қорытындылады:
– Индустрияландыру жылдарында инвестициялар ауқымы 8 трлн теңгеден астам 1250 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын ашылған. 120 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Қазақстанда бұрын өндірілмеген өнімдердің 500-ден астам жаңа түрін шығару жолға қойылды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағалауынша, экономика жүйесінде түбегейлі ілгерілеу де байқалмайды. Мәселен, 10 жылдан астам уақыт бедерінде ІЖӨ-нің өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 11%-дың аумағынан аса алмай-ақ келеді. 2015-ші жылдан 2018 жылдың аралығында еңбек өнімділігінің өсімі жоспардағы 12%-дың орнына 4%-ақ пайызға жеткен.
Осыған байланысты президент үкімет пен әкімдіктер шешуі тиіс бірқатар міндеттерді айқындап берді.
Бірінші бағыт – дайын өнімдер экспортын белсенді түрде дамыту. Президент сөзінде атап көрсетілгендей, соңғы 3 жылда экспорттың жалпы жүйесінде өңдеуші сектордың үлесі 8%-ға – 2016 жылғы 34%-дан 2018 жылы 26%-ға дейін – азайғаны байқалады. Қазақстан өңдейтін кәсіпорындардың 180-ге жуық тауарлар атауын экспорттаса, Ресей – 358, Беларусь – 690, Қытай – 1400, ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен – 1950 тауар атаулары экспортталады екен.
Мемлекет басшысы отандық өндірушілердің сыртқы нарық-тарға шығуын ынталандыратын бірқатар серпінді шараларды ұсынды. Оның айтуынша, болашағы зор экспорттық нарықтарға талдау жасап, сол нарықтарға кіру үшін кедендік, салықтық, тарифтік және басқа да талаптарды зерттеу керек, тиімді көліктік-логистикалық шешімдерді айқындау қажет.
Назар аударуды талап ететін тағы бір маңызды сала – сапалы маркетинг. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыелдік, сосын соның негізінде инвестициялық, туристік және салалық брендтер құру туралы тапсырма әлі күнге дейін орындалмағанын атап өтті. Нақ осындай жағдай, президенттің сөзінше, отандық өнімге «қалқандық» брендтер құру мәселесінде де байқалады.
Мемлекет басшысы брендтер құру бойынша жұмысты аяқтауға үкіметке екі ай мұрша берді.
Екінші бағыт – «қарапайым нәрселер экономикасын» дамыту.
– Бізде мақтана алатындай тауарлар өндірісі жеткілікті, – деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дегенмен, мақсатты тұтынуға жұмсалатын отандық тұтыну-шыларды қолдауға арналған 600 млрд теңге бюрократтық мәселелер салдарынан адресаттарға жетпеген.

– Маған баяндағандарындай, 16 тамызға 62,3 млрд теңге сомасындағы бар-жоғы 148 жоба мақұлданған, – деді президент.
Мемлекет басшысы мемлекет-тің қадағалауындағы сатып алулар жағдайын сынға алды:
– Жыл сайын олардың көлемі 10 трлн теңгеден асып жығылады. Әйтсе де, қазақстандық мазмұны – 34%. Бұл дұрыс емес. Біз бұдан да көп жасай аламыз.
Президент баяндамасында инвестициялық саладағы жағдайға жан-жақты талдау жасалды. Соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев ерікті экономикалық және индустриялдық аймақтардың ақыры толық дәрежелі «инвестициялар тарту көздері» бола алмағанын атап айтты.
Президент сондай-ақ жоғары деңгейдегі өндіріс өсімінің келешегі, 4.0 индустрия элемент-тері мен инновацияларды дамыту, индустрияландыруды қолдау құралдарының тиімділігін арттыру жайына тоқталды.
– Жаңа экономиканы құру базалық салалардың инновация-лық және ғылыми-техникалық дамуына, сондай-ақ «болашақ экономикасының» салаларын дамытуға негізделуі тиіс, – деп сенімді түйіндейді мемлекет басшысы.
Мәжіліс барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Евразиан Фудс» АҚ басқарма төрағасы Олег Винокуров, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің жанындағы жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы Андрей Шмарин, «Azala cotton» ЖШС бас директоры Бауыржан Жамалов, «Зерде» ҒӨБ ЖШС бас директоры Мұхтар Битеміров, «Алматы вентилятор зауыты» ЖШС бас директоры Марат Баққұлов, «Қазэнергокабель» АҚ бас директоры Владимир Бобров сөз сөйледі. Сондай-ақ пікірсайысқа премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қатысты.
Мәжіліс қорытындысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және оған қатысушылардың ұсыныстары индустрияландыру-дың үшінші бесжылдығы жобасын толықтыру барысында ескерілетіні атап көрсетілді.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру