Валюта бағамы: $ 384.97 427.12 6.04 ¥ 54.75

Жоғары бәсекелестік нарығында

Заманымыздың озық үрдістеріне сай келетін инфокоммуникациялық қызметтерді ұсыну, бұған қол жеткізетін тиімді тәсілдерді, шешуші бағдарламаларды жүзеге асыру – ұлттық байланыс операторының таяу келешектегі келелі жоспары. Дұрыс динамика, сенімді даму Қазақтелеком жұмысының бірінші жартыжылдықтағы нәтижелерінен айқын аңғарылады.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

Ең ірі телекоммуникациялық компания ағымдағы жылдың алты айында табысты елеулі түрде арттырды. Компаниялар тобының таза пайдасы 36,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың салыстырмалы мерзімінен 85% көп. Сондай-ақ Қазақтелеком бірнеше жыл бойы оң нәтижесін беріп келе жатқан еркін ақша ағындарын ұлғайту стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруда. Ұлттық компания дерегінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес, бұл көрсеткіш 42 миллиардтан астам теңгені құрады. Негізгі жетістіктерге кірістің өсуімен қоса, шоғырлан-дырылған активтердің ұлғаюы және EBITDA көрсеткіші негіз болды. Бұл көрсеткіш 73% өсіп, 69,6 млрд теңгеге жетті, бірінші жартыжылдықтағы EBITDA маржасы 38,7% көлемін құрады.
Өткен жылы Қазақтелеком Telia Company және Fintur Holdings BV-мен Kcell қазақстан-дық ұялы байланыс операторы акцияларының 75%-ін сатып алу туралы келісімге қол қойған-ды.

Телекоммуникация саласында-ғы стратегиялық маңызды уағдалас-тықтан кейін компания желілерді оңтайландыру және интеграциялау арқылы бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы хабарлады. Биылғы мамырда Khan Tengri Holding B.V. бірлескен кәсіпорнындағы швед операторының 49% үлесін сатып алу жөнінде «Қазақтелеком» АҚ және Tele2 AB келісімге қол қойды. Сөйтіп, мобильді сегментті дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша компанияның тәжірибесі ескеріле отырып, Kcell-дің 75 % акциясын сатып алумен бірге Tele2 үлесін иелену үш оператордың техникалық мүмкіндіктерін біріктіру және бірлесе пайдалану кезінде бірқатар синергияны жүзеге асыру арқылы телекоммуникация саласына оң әсерін тигізетіні мәлімделді.
Ағымдағы жылдың алты айында «Қазақтелеком» АҚ шоғырлан-дырылған активтері Kcell ұялы байланыс операторының 75% және Мобайл телеком сервис ұялы операторының 49% үлесін сатып алуды ескергенде, 2,2 есе артып, 1 трлн 47 млрд теңгені құрады. Шоғырландырылған кірістерге келетін болсақ, ол 179,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі түсімдерден 74% көбейді. Елеулі өсім бас компанияның кірісінің артуымен, сондай-ақ бірінші жартыжылдықтағы Kcell ұялы байланыс операторының кірісінің шоғырландырылуымен байланысты. Сонымен бірге Мобайл телеком сервис ұялы байланыс операторының кірісін шоғырландыру осы жылдың екінші жартысында басталады.
Позитивті динамиканы нығайту және компаниялар тобының нәтижелерін одан әрі жақсарту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ кірістерді белсенді басқаруды жалғастыруға және ағымдағы макроэкономикалық үрдістер мен нарықтық жағдайды ескере отырып, шығыстарды одан әрі бақылауды қамтамасыз етуге ниетті. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның бизнес-профилінің салмақты ұстанымдары халықара-лық агенттіктердің жоғары рейтингтерімен расталды. Мысалы, Fitch Ratings рейтингтік агенттігі «Қазақтелеком» АҚ рейтингін «ВВ +» деңгейінде растады, сонымен бірге «Көтеру ревизиясын» сақтап қалды. Бұл ретте агенттік мамандары Қазақтелеком рейтингтерін компанияның тіркелген қызметтердің негізгі сегменттеріндегі орнықты позициясымен, айтарлықтай оң бос ақша ағындарының қалыптасуымен, төмен қарыздық жүктемелермен және қолайлы реттеумен байланыстырады. Fitch Ratings мәлімдегендей, елдің екінші ірі ұялы байланыс операторы Kcell акцияларының бақылау пакетін сатып алу, сондай-ақ Tele2/Altel бірлескен кәсіпорнына толық иелік ету «Қазақтелеком» АҚ-қа 60% -тен астам абоненттік базасымен және желімен қамтудың кең ауқымымен мобильді нарық сегментінде көшбасшы болуға жол ашады. Сарапшылардың пікірінше, желідегі тығыз интеграция маңызды синергетикалық нәтижеге қол жеткізуге ықпал етуі және бәсекелестікте сөзсіз стратегиялық артықшылықты қамтамасыз етуі керек. Халықаралық агенттік Қазақтелеком кірісі, тұтастай алғанда, оның акцияларының жалпы инвестициялық тартымдылығы артады деп болжауда.
Сенімді қаржылық көрсеткіштер Қазақтелекомның ұялы байланыс операторларының биылғы бірінші жартысында көрсеткен оң өсу динамикасымен байланысты. «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Асхат Өзбеков бұл ретте «Kcell» АҚ бес жылдың ішінде алғаш рет өз қызметтері бойынша кірістің өсуіне қол жеткізгенін мәлім етті. Бұл көрсеткіш осы жылдың екінші тоқсанында 34,2 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар оператордың жалпы кірісі 4,3% артып, 37,7 млрд теңгеге жеткен. Мобайл телеком сервис байланыс операторының да нәтижелері оң өзгеріс байқатты. Мысалы, компанияның абоненттік кірісі өткен жылдың бірінші жартысында 44,7 млрд теңге болып қорытындыланса, биыл бірінші жартыжылдықта 54,4 млрд теңгені құрады.
Бүгінгі таңда компаниялар тобы акционердің құнын арттыру және нарықтың негізгі сегменттеріндегі үлесін ұлғайту жөніндегі стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруда. «Біздің стратегиямызға сәйкес, бизнестің белсенді өсуі және негізгі сегменттер сапасының жоғарылауы операциялық шығындарды тиімді басқару мен бақылау, ықтимал тәуекелдерді талдау, инвестицияларға тәртіпті көзқарас пен капиталға жауапкершілікпен бірге жүреді. Мен компаниялар тобының іскерлік тиімділігінің артуы инвестициялық тартымдылық-қа әсер ететініне сенімдімін», – деп атап өтеді «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры.
Бизнесті әртараптандыру, көлемді қаржылық көрсеткіштер ұлттық компанияға өршіл жобаларды тиімді жүзеге асыруға және нарықтың 60%-тен астамына қол жеткізумен Қазақстанның ұялы байланыс нарығында сөзсіз көшбасшы мәртебесін қуаттауға мүмкіндік береді. Жасалған мәміле компанияның тұрақты қаржылық жағдайын сақтауға, табыс көлемі мен бизнес ауқымын едәуір арттыруға септігін тигізеді.
Осы жылдың соңына дейін компания ауылдық елді мекендерде талшықты оптикалық желілер тарту жобасын белсенді түрде жүзеге асыруды жалғастырады. Нәтижесінде еліміздің шалғай ауылдарының 2,5 миллион тұрғыны жоғары жылдамдықты интернеттің барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік алады, делінуде. Ал келесі жылдың соңына дейін компания 828 ауылдық елді мекендерде 2500 мемлекеттік мекемені қамтамасыз ететін 16000 км-ден астам талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жақсартуға, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерделеуге, икемді тарифтік саясатты құруға, жаңа бизнестерді енгізуге, инновациялық компоненттерді дамытуға, бизнес-процестерді және басқа да даму бағыттарын жетілдіруге баса назар аударылмақ.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру