Валюта бағамы: $ 389.98 434.01 6.1 ¥ 55.04

Шағын банктерге сенім артығырақ

Қазақстанның кейбір ірі банктері шілде айында көрсеткіштері бойынша айтарлықтай кемшін түскен. Атап айтқанда, шілденің қорытындылары бойынша қазақстандық банктердегі заңды тұлғалардың салым ақшалары 153 млрд теңгеге өсіп, 8,1 трлн теңгеден (5 айдың максимумы) асып түскен. Оның үстіне қызықты үдеріс байқалған: бизнес екінші деңгейдегілерге салымдарын арттырып, республиканың ірі банктеріндегі ақшаларын соларға аудара бастаған.

Атап айтар болсақ, республика-дағы аса ірі төрт банктегі («Халық банк», «Сбербанк», Kaspi Bank және Forte Bank) заңды тұлғалар салымдарының көлемі тұтас алып қарағанда 42,5 млрд теңгеге қысқарған. Бұдан басқа First Heartland Jýsan Bank-тегі бизнес депозиттері 23,1 млрд теңгеге төмендеген. Сөйте тұра:
• «Ситибанктегі» бизнестің салымдары бір айда 60,4 млрд тг-ге өскен;
• Altyn bank-те – 36,3 млрд тг-ге;
• «Қазақстандағы Қытай Банкі» еншілес банкінде – 45,4 млрд тг-ге;
• «Алматыдағы Қытай СӨБ-де» – 24,6 млрд тг-ге;
• «АЛЬФА-БАНК» ЕБ-де 27,6 млрд тг-ге өскен.
Сөйтіп, екінші ондықтағы 5 банк бір айда депозиттерге 194,4 млрд тг тартқан.

«Халық» сенім жоғалтуда

Айта кету керек, «Халық банк» жеке тұлғалардың салымдары жылыстауына да душар болып отыр. Шілдеде мұнда депозиттік қоржын 45,5 млрд тг-ге қысқарған. Оның үстіне қаржыларын шығарып әкету соңғы 7 айдың 6 айы бойына жалғасуда. Дегенмен де, бұл банктің көрсеткіштері бәрі бір республиканың басқа ЕДБ-теріне қарағанда қол жетпестей күйде қалып отыр.
Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың депозиттері 8,7 трлн теңгеден (жеті айдағы максимум) асып түсіп, 27,8 млрд теңгеге өскен. «Халықтағы» жылыстау тұрғындардың Kaspi Bank-тегі (+20,6 млрд тг), «Еуразиялық банктегі» (+15,9 млрд тг) және First Heartland Jýsan Bank-тегі (+14,2 млрд) депозиттері көлемінің артуы есебінен орнын толтырған сияқты. Бұған қоса «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» салымдар да 3,9 млрд тг-ге артқан, бұл – 2019 жылғы қаңтардан бергі ең төмен өсім.

Несиелер өсуде

Несиелендіру жағдайы шілдеде жақсарды. ЕДБ-тердің жиынтық қарыз қоржыны 13,7 трлн теңгеден (бұл да жеті айлық максимум болып табылады) асып, 67,3 млрд тг-ге өскен. 28 банктің 17-сінде ақша көлемі өскен. First Heartland Jýsan Bank (+38,2 млрд тг, оның алдында үш ай бойы көрсеткіштер төмендеумен болған), «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» +35,1 млрд тг) және АТФБанк (+24,7 млрд тг) ең жоғары өсімді көрсеткен. Бұл ретте «Халық банктің», «Сбербанк» пен Forte Bank-тің қарыз қоржындары жалпы алғанда 102,6 млрд тг-ге азайған.
Аса ірілер қатарына жатпайтын тағы бірқатар банктердің де көрсеткіштері жақсарған. Мәселен, «Альфа банкте» несие беру 2019 жылдың басында төмендесе, соңғы 5 айда арта түскен. Нәтижесінде қарыз қоржыны жыл басындағы көрсеткіштен аспаған, бірақ та жаңа рекордтық деңгейге – 282,6 млрд тг-ге жеткен. Altyn bank-те де осылай: жыл басының төрт айындағы құлдырау тамызда орнына келген де, несиелендіру көлемі 164,5 млрд тг-ге жетіпті.

Кредиттердің мерзімі өтуі азайған

Қарыз қоржыны ұлғаюымен бірге оның сапасы да жақсара түскен. Төлеу мерзімі өтіп кеткен кредиттердің көлемі бір айда 66,3 млрд тг-ге қысқарып, 2018 жылдың қазан айынан бері алғаш рет 1,9 трлн тг-ден төмендеген. 2019 жылдың 1 тамызына банктер берген кредиттердің 13,9%-ы мерзімі өтіп кеткен болып есептеледі, ал бұл – 2018 жылдың жазынан бергі үздік көрсеткіш.
Ал, енді уытты кредиттерге (NPL) келер болсақ, бұлар күрделі мәселе болып қалып отыр. Төлемдері 90 және одан да көп күндерден бері өтелмеген қарыздардың көлемі, 2018 жылдың наурызынан бері алғаш рет, шілдеде 20,7 млрд тг-ге артып, 1,3 трлн теңгеден асып түскен. Қазақстандық ЕДБ-тердің жалпы қарыздық қоржындарындағы NPL-дің үлесі 9,49%-ды құрайды.

«Сбербанктің» активтері 2 трлн теңгеден асты

Тіпті қарыздық қоржынның артуы да банктер міндеттемелерінің 159,5 млрд-қа құлдырауын өтей алмаған. Бұл ретте жиынтық көрсеткіштері 398 млрд теңгеге қысқарған «Халық банк» пен Forte Bank ерекше көзге түскен. «Халықтың» міндеттемелері қазір 2018 жылдың қазанынан бергі (7,41 трлн) минимумда. «Сбербанк», өз кезегінде, рекорд орнатыпты: оның міндеттемелерінің көлемі алғаш рет 1,8 трлн тг-ден жоғары: (шілдеде +20,8 млрд-қа жеткен).
Осы ретте қазақстандық ЕДБ-тердің жиынтық активтері (-102,9 млрд тг-ден – 25,25 трлн теңгеге дейін) де қысқарған. Тек «Халық банк», Forte Bank пен First Heartland Jýsan Bank-тің активтері жалпы алғанда 420 млрд тг-ге төмендеген. Мұны ішінара екінші деңгейдегі банктер есебінен, сондай-ақ республикада 2 трлн теңге активімен екінші ЕДБ болып отырған «Сбербанктің» жақсы көрсеткіші есебінен де толтыру мүмкін болды.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру