Валюта бағамы: $ 385.16 425.95 6.01 ¥ 54.51

Халық денсаулығы – басты назарда

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 630 миллиард теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бөлінді.

– Биылғы жылдың 19 тамызындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіт-кен жеткізуші компанияларға 630 миллиард теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сома-сының 71 пайызын құрайды. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр, – деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.
2019 жылы МСҚ кепілден-дірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 миллиард теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 процент артық.
Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жекеменшік клиника да бар. Олардың саны биыл 2018 жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.
Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакет-терінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді үкімет бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру